Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 17

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      Ілегіргі замандарда ата, әке қарғысы – ең ауыр, зардапты жазалардың бірінен саналған. Халық сенімі бойынша мұндай қарғыс арқалаған адам ерте ме, кеш пе бір қауіп-қатерге жолығады немесе өмірде жолы болмайды. Сондықтан есі бар әрбір ұл-қыз ата-ана қарғысына ұшырайтын теріс қылық-әрекеттерге бармаған. Ата-анасын мейлінше сыйлап, құрметтеп, олардың ұстанған пікір, көзқарастарына қарсы келе бермеген.

      Бүгінгі күндері де сол дәстүр маңызын жойған жоқ.

      АТА ҚАРҒЫСЫ – ОҚ (Екінші нұсқасы)

      Қария сөздің айтуында Ақсерке дәулетті, бай болған адам екен. Байлықтың өзі адамның ниетіне бітеді деген сөз рас болса керек. Ақсерке мыңғырған малын бағып-қағатын малшылардан «аттың майы»* дегенді сұрамайтын мырза адам болыпты.

      Бірде Ақсеркенің баласы Жарасты біреулер қоздырып, намысына тиіп, «шынымен әулеттерің мырза болса, мына жалы жер сызып жүрген ақ жал қара айғырды қонақасыға сойшы, көрейік» деп қойт-қойттайды* ғой. Жарас та қызуқанды жігіт болса керек, сол жерде айғырға бұғалық салдырып, шыңғыртып отырып бауыздатып тастайды. Ақ жал қара айғыр Ақсерке әулетінің кие-құты, малының басы екен. Сондай қасиетті жануарды пышаққа шалған баласы Жарасқа Ақсерке қатты ренжіп, теріс батасын беріпті.

      «Ата қарғысы – оқ» деген, сол Жарастың ұрпағы өсіп-өнбеген. Кеңес заманындағы аласапыранда Жарастан тарайтын аз ғана ұрпақ Ауғаныстан ауып кеткен екен.

      АТАМЫЗ – АЛАШ,

      АТЫМЫЗ – ҚАЗАҚ,

      ҮШ ЖҮЗДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ  (Екінші нұсқасы)

      Бір жорықта Қызыларыстан ханға асқан сұлу бір қыз тұтқын болыпты. Сонсоң, бұл қызды хан әйел етіп алыпты. Кейін бұл әйел жүкті болып, бір ұл табады. Әлгі ұлдың тұла бойы түгел ала болады. Мұны жамандыққа

      Аттың майы* – бұл жерде аттың тері, күші.

      Қойт-қойттайды* – айдап салады, қоздырады.

      жорып, қалай жоғалтуды ақылдасқанда, ханның бәйбішесі: «Бұл баланы суға тастаңдар», – дейді. Бәйбішенің айтқаны бойынша баланы Сырдарияның суына апарып тастап жіберіпті. Мұны балық аулап жүрген бір кедей қария көріп, ұстап алады да, бағып бала қылады.

      Сонымен, ала бала ер жетіп, асқан ақылды әрі батыр жігіт болыпты. Ала бала ел ішінде «Алаш» деп аталып, атағы жайылады. Мұны хан естіп, ордаға әкелдірмек болады. Бірақ ханның қасындағы Майқы деген адам: «Бұл баланы ордаға әкелмей, қасына жүз жігіт беріп, өз еркіне жіберу керек», – деп кеңес береді. Хан бұған мақұл болады. Бұған алғашында Үйсін деген жігіт жүз жігітпен барып қосылады. Келесі жолы Болат деген жігіт жүз жігіт бастап барып тағы қосылады. Үшінші жолы Алшын бастаған жүз жігіт және барып қосылады. Сонымен олар жорықтар жасап, төңірегіндегі елдерді бағындырады.

      Кейін бұлар бас қосып жиын ашып, Алашты ақ киізге отырғызып хан көтеріпті. Сонан барып әлгі ала бала «Алаш хан» атаныпты. Үш жүз жігіттен қазақтың үш жүзі тарапты. Яғни, Үйсін бастаған жүз жігіт – Ұлы жүз, Болат бастаған жүз жігіт – Орта жүз, Алшын бастаған жүз жігіт – Кіші жүз болыпты. Сондықтан да қазақтар: «Атамыз – Алаш,

Скачать книгу