Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 20

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

(әкім-қаралар мен байларды) осы мақалмен тұқыртып, тоқтам жасайды.

      АУЫЗ – ДАРБАЗА, СӨЗ – САМАЛ,

      ҚҰДАЙ ҰРҒАНҒА НЕ АМАЛ

      Бұл нақыл: «Ауыз не айтып, не қоймайды, бірақ сөз бен мәністі ұқпайтын арсызға не деуге болады», деген мағынаны білдіреді.

      Баяғыда Аужанбай деген қыдырымпаз болған екен. Ол күндердің күнінде бір ауылға қонақ болып қонып, кетпей жатып алады. Бір күн өтеді, екі күн, үш күн өтеді – қайтпайды. Сөйтіп жатуы молынан бір айға созылады. Қазақ қанша қонақжай болғанымен: «Бір күндік қонақ – құт, екінші күні – жұт, үшінші күні – зыт», – деген сөз бар емес пе. Сөйтсе де үй иесі сыр бермей күтеді.

      Күндердің күнінде Аужанбай: «Қой, ұят болар, үйім іздеп қалар», – деп жинала бастайды. Атына мініп қоштасар сәтте, әлгі үйдің иесі сөздің сірағасы бойынша айтады ғой: «Ой, ерте кетіп барасыз, тамаққа қарағаныңызда болар еді», – дейді. Аужанбай:

      – Ә, солай ма еді. Жарайды, осы тегі қоймадыңыз, бір айтқаныңыз болсыншы. Атымды қайда байлаймын? – дейді.

      Сонда қонақжай үй иесі:

      – Ауыз – дарбаза, сөз – самал, құдай ұрғанға не амал?! Тіліме байла, атыңды, тіліме байла! – деген екен күйініп.

      АШ БӘЛЕДЕН ҚАШ БӘЛЕ

      Күздің сары тамыз күнінде Тілеміс шешен үш-төрт жолдасымен бір байдың үйіне түседі. Бай үйі мал соймай, шай қоймай, анау- мынаумен айналысқансып жүріп алады. Сонда Тілеміс оң жақтағы жолдасының кеудесінен періп жібереді де:

      – Тамақсау ит-ау, жүрегің үзіліп бара ма? Келгеніміз осы ғой, қолдары да тимей жатыр. Асықпасаң қозы да сойылады, шай да қойылады… – деп жатқандарын естіген бай балалары :

      – Қонақтар төбелесіп жатыр, – деп шешелеріне, әйелі байға айтады. Тілемістің сырын білетін бай сезе қойып, «аш бәледен, қаш бәле» деген деп, мал да сояды, май да, шай да қояды. Барын беріп күтіп жібереді.

      Бәлеқор, бұзық адамдармен дос, жолдас болма, ондай адамдардың жанына жолама, бәледен аулақ жүр немесе бастан құлақ садақа деген мағыналарда ұғынылады.

      АШКӨЗДІК КІМГЕ АБЫРОЙ ӘПЕРГЕН

      Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұңғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді.

      Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып, бір қап алтын тауып алыпты. Бөліп алмақ болып, базарға келіпті. Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты.

      – Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық, – десіпті екеуі інісі кетісімен.

      Інісі қымыз алып, қайтып оралғанда, екеуі тап береді де, әп-сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас қояды.

      Бір уақытта екі ағасының іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен.

Скачать книгу