Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 21

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

оларға:

      Бір бала бар —

      Атаға жете туады.

      Бір бала бар —

      Атадан өте туады.

      Бір бала бар —

      Кері кете туады! – деп жауап береді. Мұның айтқанын ана екеуі кек тұтып, күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді… Бұзықтар Қазыбектің үстіне шекпен жауып, сабамаққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің кенже інісі Бөдене батыр екен. Ағайындарының ағасын оңаша шақыруынан қауіптеніп, асығып жеткен беті осы еді. Ашулы батыр ана екеуіне қылыш ала ұмтылады. Қазыбек інісін тоқтатып:

      – Шырағым, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын, Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті.

      Яғни, ашу үстінде дұшпаныңнан да бетер бір нәрсені бүлдіріп қоюың мүмкін, сондықтан сабыр сақта, ақылға кел, ақылыңмен дос үстіне дос арттырасың, деген даналыққа үндейді.

      АЮ, АЮ, АЮ ЕДІ,

      АЮ ДА БОЛСА, БАЙЫМ ЕДІ.

      ҮҢГІР, ҮҢГІР, ҮҢГІР ЕДІ,

      ҮҢГІР ДЕ БОЛСА, ҮЙІМ ЕДІ

      Бұл сөз тіркесі: «Бәріне көніп, етім үйренген, енді өзге нәрсені қаламаймын. Мені жайыма қойыңдар», – деген тілек, өтінішті білдіреді.

      Ертеде бір ханның сұлулығына ақылы сай қызы болған екен. Оған бір аю ғашық болыпты. Қыз он бес – он алтыға келген кезде, аю ебін тауып, оны әкетіп қалыпты. Содан қызды үңгірден шығармапты. Бір күндері қонжық бала тауыпты. Ол аяқтанып, өзіне-өзі келген соң, баласын ертіп, үңгірден шығуға рұқсат беріпті.

      Қызы жоғалған хан уәзірлерін бүкіл даланы шарлап, тау-тасты, сай-саланы кезіп іздейді. Қызы өлді дегенге және қимайды. «Өлсе, неге өлігі шықпайды?» – деп табаны таусыла іздеу салуын тоқтатпайды. Бір күні уәзірлері:

      – Хан ием, жыл артынан жыл өтті. Екі жыл болды, бір тынымсыз іздестірудеміз. Енді біраз көңіл сергітіңіз. Жаныңызға жігіттерді алып, аңға шығып, серуендеп қайтыңыз. Өзіміз-ақ іздестіруді жалғастыра берейік, – дейді. Хан келісіп, аңға шығады. Саятта жүргенде ағаш арасынан қызы мен аю немересін көріп қалып, сарайына алып келеді.

      Үйіне келіп, мауқын басып біраз жүрген соң қыз:

      Аю, аю, аю еді,

      Аю да болса, байым еді.

      Үңгір, үңгір, үңгір еді.

      Үңгір де болса, үйім еді, – мен қайтайын, – деп, әкесінен қоярда-қоймай рұқсат сұрап, келген жеріне қайтып кетіпті.

      АЯҒЫҢНАН СҮРІНСЕҢ ДЕ,

      АУЗЫҢНАН СҮРІНБЕ

      Бұл жерде іс-әрекетіңмен қапы қалсаң да, сөзіңнен есе жіберме деген ойды айтып тұр.

      Өткен ғасырда аға сұлтан болған Сандыбайдың Ердені найман Бәтеш деген жігітті өзінің үйінде қымызмұрындыққа жиналған жұртқа мақтап: «Осы жігіт елдің жағдайын ойлайды, халқының қажетіне жарайды», – деп отырса керек.

      Сол кезде Бәтеш атынан түсіп келе жатыр екен. Сонда Ерденнің мақтаған жігітін сынап көрейік деген кісілер табалдырықтан бір сүйем жоғары жіп керіп қойыпты. Қаперінде ештеңе жоқ Бәтеш:

      – Ассалаумағалейкум! – деп кіре

Скачать книгу