Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 25

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

сөздің мәнісі осында болса керек.

      ӘҢГІМЕ – БҰЗАУ ЕМІЗЕР,

      БҰЗАУ – ТАЯҚ ЖЕГІЗЕР

      Бұл сөз тіркесі: «Құр әңгіме, сөзге алданып көп бөгелмейін, уақытты зая кетіріп, өкініште қалмайын» деген мағынаны білдіреді.

      Өткен заманда бір жалшы әйел көршілерінің үйінде ұзын-сонар әңгіменің соңына түсіп, малдың өрістен қайтатын уақытын ұмытып кетіпті. Сол кезде сиыры өрістен келіп, бұзауын емізіп қояды. Сүттен қағылып, қарындары ашқан шиеттей балалары «шыр-шыр» етіп қоймаған соң, ашынған күйеуі әйелін ұрып-соғады. Содан ел ішінде «Әңгіме – бұзау, емізер, бұзау – таяқ жегізер» – деген сөз қалған екен.

      ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА, ИТТЕРІ ҚАРА ҚАСҚА

      Таңдайбай деген қу серіктерімен келе жатып, бір үйге түседі. Үйде бәйбіше мен келіні ғана бар екен. Қария қонақтарға сырмақ сал дейді. Таңдайбайды таныған кесір келін сырмақты қабаттап, тұйық жағын* отқа қаратып сала қояды. Таңдайбай малдасын құра төрге қарап отыра кетеді. Көптің ішінде теріс қарап отырған адамға таңданған кемпір:

      – Мұның не? —десе:

      Тұйық жағын* – қазақ халқының салты бойынша, астыға төсейтін сырмақ, көрпешелердің тұйық, бүктелген жағын іргеге яғни, қонақтың артына қаратып төсеген. Ашық жағы қонақтың жолы ашық болсын деп, алдына қаратылған.

      Дастарқанды да үлкен болып, екі бүктеп жайған жағдайда, тұйық жағын сыйлы қонаққа қаратып қояды.

      – Шеше, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген ғой. Сіздің елдің салтын сыйлап отырмын, – депті.

      Әр елдің салт-дәстүрі, әдет-жоралғысы басқа, өз еліңнен өзгеше болатыны белгілі. Тіпті бір елдің құрамындағы әр өлкенің де салт-жоралары өзгешелеу, өз еліңмен салыстырғанда, ерсілеу болатыны бар. Мақал сондай жағдайдан туған.

      ӘР ҚАЗАННЫҢ ҚАҚПАҒЫ ӨЗІНЕ ШАҚ БОЛАДЫ

      Шешеннің суық қолды бір жеңгесі көрші қонған үйдің боздау түндігін ұрлап алып, өзінің қараша шаңырағына көтеріп алады. Ұрлықты сезіп қойған мүлік иесі одан әрі-бері сұраса бермейді. Ақыры Бөлтірікке келеді. Шешен жеңгесінің үйіне келіп, шаңыраққа қарап:

      – Жыртығына жамауың сай келмей тұр екен, жеңеше. Әр қазанның қақпағы өзіне шақ болады, – депті.

      Адамның өзі араласатын ортасы, отбасы мүшелерінің мінез-қасиеттері, киген киімдері өзіне шақ, лайықты болады дегені.

      ӘРКІМНІҢ СҮЙГЕН ЖАРЫ ӨЗІНЕ СҰҢҚАР

      Бұл – «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалмен сабақтас қанатты сөз.

      Бір жолы Сырым батыр алыс сапардан ауылын сағынып келе жатып серіктеріне:

      – Кәне, жігіттер, қаттырақ жүріңдер. Бүгін ауылға жете қонайық, – дейді. Оған жолдастары күліп:

      – Үйіне басқа жігіт асықса, дұрыс, ал осы Сырым қайбір бүлдіршіндей келіншегіне асығып келеді екен? – деп қағытады. Сонда Сырым батыр:

      «Әйелді әйел деп қорсынбаңдар,

      Әйелсіз ерге күн бітпейді.

      Қойды

Скачать книгу