Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 26

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

шалдың жататын бөлмесіне кіріп:

      – Құрметті ақсақал, – дейді сыпайы сөйлеп, – патшамыз сіздің аузыңыздан шыққан лептің сасықтығынан жиреніп: «Бұдан былай менімен дастарқан басында тамақ ішуден тыйылсын, жаныма жолатпаңдар» деп бұйырды, – дейді.

      Балықшы шал жұмған аузын ашпайды.

      Күндер өте береді. Балықшы шалдың қасына не себептен келмей жүргенін білмек үшін патша екі уәзірін шақырып алып, сұрайды. Сонда бір уәзір тұрып:

      – Алдияр тақсыр, ұмытып барады екенмін. Ол кісі «патшаның аузы тым сасық екен, онымен бірге отырып тамақ ішпеймін» деп келмей жүр, – деп мәлімдейді. Өңі сұрланып, ашуға булыққан патша:

      – Ол бетпақ, арсыз қақбасты зынданға тастаңдар! – деп бұйырады. Осы жарлықты күткен уәзірлер патша әмірін табанда орындайды. Екі уәзір ойлаған мақсаттарына жетеді.

      Ағып ай, жылжып жыл өтеді. Зындандағы күнәлілерді жылына бір тексеріп тұратын бұл патшаның дағдысы екен. Сондай тексеріп, үкім шығаратын уақыт жетеді. Сонда балықшы шалдың қылмысын тексере келгенде, оның күнәсі «патшаның аузы сасық» деген сөз екен. Тексерушілер шалды патшаның алдына алып барады.

      Патша мен балықшы шал беттесіп сөйлескенде, екеуінің де мұндай сөз айтпағаны, бұл сөзді екі уәзірінің ойдан шығарғаны, екеуінің терең татулығын бұзбақ болғаны анықталады.

      Бұл ахуалды білген соң, патша қатты қаһарланады. Кәріне мініп, ашудан қалтырап кетеді. Жендеттерге екі уәзірінің басын табанда алдырады. Сонда балықшы ордасына неге алдырғаны қалт есіне түседі. «Әркім өзіне қылады» деген сөздің мағынасын айқын түсінеді. Содан кейін балықшы шалды уәзірлікке тағайындайды. Сөйтіп, әділ билігімен даңқы жайылады.

      Б

      БАЙЛЫҚ – ҚОЛДА ҰСТАҒАН МҰЗ,

      БАҚ – ҰЗАТЫЛҒАН ҚЫЗ,

      БАЛА – АДАМНАН ҚАЛҒАН ІЗ

      Дүние-байлығың еріген мұздай жоғалып, жарлы болуың оңай, бақ та басыңа қонып, енді бірде ұзатылған қыздай тастап кетеді. Ал артыңда қалған балаң – өміріңнің жалғасы, үйіңнің отын сөндірмей, ұрпақ үрдісін жалғастыратын із сияқты мәңгілік дегенді аңғартады.

      Бірде Шымкентте өткен ояздық жиналысқа Шойынбет би төрелік жасайды. Келгендердің кейбіреуі оның шағын денесіне, жұпыны киіміне қарап, «Мына түріңмен қандай билік айтып жарытарсың» дегендей сыңай танытады. Сонысын дәлелдегісі келген әлгілердің бірі: «Шойеке, менің сізге сауалым бар, соған жауап беріңіз», – деп қолқа салады. Шойекең бұған қарсылық білдірмейді.

      – Байлық жақсы ма, бақ жақсы ма, бала жақсы ма? – дейді әлгі.

      Сонда Шойынбет:

      – Байлық – қолда ұстаған мұз, бақ – ұзатылған қыз, бала – адамнан қалған із, – деп жауап қайырыпты.

      БАҚ ҚАЙДА БАРАСЫҢ – ЫНТЫМАҚҚА БАРАМЫН

      Өзара ынтымақты, тату, сыйластығы жарасқан отбасының береке-бірлігі де мызғымайды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады, деген мағынаны береді.

      Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.

      Бірде

Скачать книгу