Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 22

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт береді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:

      Билер бүгін Майқының алдын кесесің,

      Ертең жұрттың төбесін тесесің.

      Майқының да айтатын кебі бар,

      Айтуға аузының да ебі бар.

      Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,

      Әзір сөзімде болмас бұрыс.

      Ақылым алжыған жоқ,

      Ондайды болжағам жоқ.

      Орынсыз ауыз ашсаң,

      Екі би басарсың шоқ.

      Аяз би, әліңді біл,

      Құмырсқа жолыңды біл…

      «Аяз би» ертегі аңызында «Аяз би әділ болды. Тура билік ететін еді. Нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тымағы мен тонына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл!» – деп көңілін басушы еді дейді.

      Бұл мақалда қолым билікке, тақ-мансапқа жетті деп, асып-таспа. Өз қалпыңа, сабаңа түс. Алды-артыңа қарап сөйле. Өз әліңді, жолыңды, жөніңді біл деген ой, қағида жатыр.

      АЯҚҚА КІСЕН САЛУҒА БОЛАР,

      ҚОЛҒА КІСЕН САЛУҒА БОЛАР,

      АЛ, ТІЛГЕ КІСЕН САЛУҒА БОЛМАС

      Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:

      – Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп, әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.

      Би жалшыға сөз беріп:

      – Кәне, сен сөйлеші, – десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:

      Аяққа кісен салуға болар,

      Қолға кісен салуға болар,

      Ал, тілге кісен салуға болмас, —

      деп, жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.

      Халқымыздың салт-дәстүрінде тіл мен сөзге үлкен мән берген. Сол себептен қандай ащы, ауыр сөз болса да, «айтып қалсын» деп, бөгет болмаған. Міне, «… тілге кісен салуға болмас» деген қанатты сөздің астарында дәстүрге негізделген осындай ой жатыр.

      Ә

      ӘЗІЛ ТҮБІ – ЗІЛ

      Бұл жерде орынсыз, ретсіз айтылған әзілдің зардабы ауыр болады, жақсылыққа апармайды деген ойды тұжырымдап отыр.

      Үш құрдас жолаушылап келе жатып, бір үйге түседі. Үй иесі қонақтармен әңгімелесіп отырады. Бір кезде қонақтардың біреуі тысқа шығып кетеді. Үй иесі қалған екеуінен:

      – Әлгі жігіт қандай адам? – деп сұрайды.

      Қонақтар:

      – Ол өзі бір есек, – дейді. Жігіт қайтып келген соң, үйдегі екі қонақ та аттарын көріп келуге шығады. Үй иесі қалған қонақтан:

      – Бұлар кім өздері? – деп сұрайды. Қонақ:

      – Бұлар бір жүрген ит, шошқа, – дейді. Кешке ас ішер кезде үй иесі

Скачать книгу