Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 32
Дуан басы отырғаннан кейін осында тілмаш, әрі Қоңырқұлжаның тапсырмаларымен онда-мұндабарып жүретін Шоңды Ыбырай Жайықбаев шақырып алды. Қоңырқұлжаға орысша кітап оқып, газет-журналда жазылғандардыайтып беруде Шоң таптырмайтын адам екеін біліп алған. Оны өз көзімен көріп жүріп, бұл жігіттің орыс тілін толық меңгергенін білетін. Оның үстіне әкесі де, сұлтанмен дос болып қалғанын байқаған.
Шоң атасының үйінде жатқаннан бері Ыбырай да іш тартып, кейбір мәселелерде Шоңмен ақылдасып отыратын. Оның білгірлігіне әбден қанып алған. Дуан басы болып тағайындалғаннан кейін бұлда Шоңға атасының әдісін қолданды. Бір күні Шоңды шақырып алып сөз бастаған.
– Сені Қонекең жақсы көреді. Менің де көңілім саған сондай. Мен бұл жұмысқа жаңа кірісіп жатырмын. Сенің жақсы орысшаң бар. Маған жоғары жаққа жазылатын қағаздарға көмектес. Басқаларға сенбеймін.
Шоң Ыбырайдың жақсы райлы сөзіне қуанып қалды:
– Ыбеке, мен қолдан келген көмегімді аямаймын. Шама келгенше жасаймын…
Ыбырай сол күні-ақ Шоңның өзіне жеке кабинет берді. Бұрын екі орыс Герасимов, Попов және заседательдер қағзадарын қазақша қарап отыратын төрелер Қосыбай Бабыков, Нөгербек Көшеновпен бірге отыратын. Енді, міне, ойламаған жерден дәрежесі өсіп шыға келді. Бұрын қасында отырғандар жап-жас балаға жеке кабинет бергенін жақтырмай қалған, әсіресе, ана екі төре. Шоң оны бірден сезді.
Ыбеке, мен аналарға бастықсияқты көрінбей, әзірге солармен бірге отырайын, – деді.
Ыбырай Шоң аузынан мынадай сөз естіп, тас-талқан болып ашуланды.
Сен өзің қызық жігіт екенсің. Олар келешегі жоқ адамдар. Ал сенің үлкен ертеңің бар. Амандық болса сен осы дуандағы бір деген адам болғалы тұрсың. Сен сондықтан оларға қарама! Менің айтқанымды тыңдап жұмыс істей бер. Олар адал жұмыс істемейді, білімдері бар шамалы. Бұрын Қонекең көңілін тауып жұмысқа тұрып алған. Менің ойымнан шықпаса екеуін де қуамын.
Ыбырай да сұлтан тәрізді Омбыдан келетін қағаздардың бәрін алдымен Шоңға оқытып, ол жаққа кететін қағаздарын жаздыратын. Өзі орысша білмесе де орыстармен жиі қатынасу нәтижесінде орысша жазғандарды бұл да ьтасы тәрізді жақсы ұғатын еді. Енді қандай шаруа болмасын Ыбырай Шоңмен ақылдасып отырып жасайтын болды.
Бұл кезде қазақ жеріне орыстардың көшіп келуі басталған еді. Бұрынғадай бекіністерге емес, енді Ақмола қаласына жақын жерлерге, Нұра бойына да келіпқоныстанып жатты. Соған орай, орыстар мен қазақтар арасында дау-жанжал көбейе берді. Мұндай жанжалға Ыбырайдың өзі бармайтын, өзі сырт қалатын да, сен орысша білесінге салып Шоңдыжі