Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 27
– Менің баламның құнына ешқандай байлық жетпейтініні әлгінде айттым ғой. Бірақамал жоқ. Қазір біразыңды апарып түрмеге жауып, артынша жазаласам, Тоқалар өкпелейсіңдер. Мен оны жасамай-ақ қояйын. Сен шал ашығын айт деп отырсың ғой, менің тоқ етер сөзім Тоқалар атынан Сапақ үш мың жылқы берсін!
Сапақ жаратылысынан сараң болатын. Сол сараңдығы арқасында он жеті мың жылқы біткен бір басына. Соғымын да ес ептеп соятын. Мына сөзге ол үндемей отырып қалды. Қоңырқұлжаға оның мынасы ұнамады. Содан кейін отырып:
– Сапақ мен енді екінші рет қайталап айтпаймын, қажет болса күшпен де аламын. Қазақ заңы да, орыс заңы да мені жақтайды. Өйткені, сен салықты да дұрыс төлемей отырсың!
Оның мына сөзінен Сапақтың жақын туысқаны Баймырза қорқып кетті де:
– Сұлтан күш көрсетудің қажеті жоқ. Онсыз да береміз ғой.
Сапақтың немере ағасының бұл сөзі қорытынды сөздей болды. Қоңырқұлжа бұдан артық сөз естігісі келмеді, орнынан тұра бастап еді. Елдің бәрі де сұлтан тұрған соң ду көтерілді.
Сұлтан енді үш мың жылқыны өз қотанында көргендей болды. Көңілді еді. Пәуескесіне қарай беттеді. Сыртқа шыққан соң Шоң сұлтанға оңашалап айтқан:
– Аға бабамның жетісін беріп біржола қайтсам, деп едім. Сіз оған қалай қарайсыз?
Сұлтан қарсы келген жоқ, Шоңның бұл тілегін мақұлдаған еді.
Сұлтан кеткен соң бәрі қайыра үйге кіргенде Сапақ шу шығарды.
– Әлгінің сөзіне қарашы, баласын тура мен өлтіргендей менің мойныма артып қойғанын.
Баймырза да енді басқаша сөйлей бастады.
– Біздің ағайынның өлтіргенін ешкім көріп тұрған жоқ. Сондықтан құнды осы отырған Тоқалар бірігіп төлеуіміз керек.
Бұл сөз жиналғандардың көңілінен шықпай қалды да, өйткенмен Баймырзаның мына сөзіне қарсы келген жоқ. Бұл мақұлдағанның белгісі еді. Елдің арасынан Таубай батыр тағы сөйлеп көңілдегісін айтқан:
– Менің Қоңырқұлжаға беретін бір малым жоқ. Әлгінде Сапақтың мойнына артып кетті ғой, сол төлесін! Мен бір мал бермеймін, ар жағын өздерің білесіңдер…
Сол арада өзі де қатты ашуланып отырған Сапақтың ашуы қозып кетті де.
– Сен бермесең берме. Орыстардың түрмесіне барып жатасың.
Таубай оның мына сөзіне ләм деместен шығып кетті. Сапақ қатты ашуланып қалды.
– Ана шалды шақырыңдаршы!
Есікке таяу отырған біреу сыртқа шығып айтқан еді, Таубай оніп қалған.
Қайтып келмегеніне Сапақ ышдай алмай:
– Мен олардың барлық жылқысын тартып аламын.
Осы арада сөзге Телқозы араласып:
– Сапеке, олардың мыңнан артық жылқысы жоқ. Оны айдап алған соң олар сіздерге, бізге маза бермейді. Он-жиырма есе етіп қайтарады. Олар сондай дауды табаалмай отыр.
Мына