Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 24
Қоңырқұлжаның келетінін татардан естіп Қабай да жаны қалмай дайындалып жатыр екен. Ауылдан шалғайлау Нұра өзенінің жағасына екі-үш киіз үй тігіп тастаған.
Қонырқұлжа жергілікті билердің, байлардың бірін де жуытпасынды татардан айтып жіберген еді. Болыс ешкімге дуан басы келе жатканын білдірмеді. Жергілікті билер естісе жиналып ананы, мынаны айтып миын жейтінін білетін Қонырқұлжа. Содан кейін осылай жасаған еді. Аға сұлтан қызмет көрсететін, тамағын жасайтын, төсегін салуға қыз-келіншіктерді ғана шақыртыпты. Мал сойылды. Үш-төрт қыз-келіншектер дастархан жасап қызмет көрсете бастады.
Сұлтан қай жерге бармасын, жергілікті билер, болыстар қасына қыз әкеп салып беретін. Хан тұқымы Қоңырқұлжа бұағн жас кезінен әбден үйренген. Шоң дуан басымен жүргенде оны көріп, біліп жүрген еді. Бұл әдетке айналған шаруа екенін біліп алған.
Бұлар келісімен дастархан жасалды. Қымызкелді, алдымен. Дастархан жасап жүрген сүйріктей екі сұлу қыз. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын.
Сұлтанның сонау жас кезіндегі көңіл-күйі жоқ. Қыздар жағына онша көп қарап отырған жоқ. Өйткені, тілек бар да, шама азайған. Мына келіп қалған кәрілік бойдағы қуатты алып кеткендей еді. Енді ойы мына жас жігіттің қасына бір қызды салып беріп, өз бойындағы құмарлықты ояту болатын. Тамақ ішкен соң қасында Қабай мен Шоң бар сұлтан тысқа бірге шықты. Былай шыққан соң Қабайға айтқаны:
– Қабай сен бара бер, қалған шаруаны өзім реттеймін…
Қабай кетіп қалған. Екеуі даладаәлгінде ішкен тамақтарын таратып біраз жүрді. Арада біразуақыт өткен соң аға сұлтан Қоңырқұлжа Шоңға:
– Сен барып біліп келші. Ана қыздар төсекті салып болып па?!
Екеумізге арасын жақындатып төсекті қатар салсын.
Сұлтан қай жерге бармасын, зыдарды жеке алып киіз үй ішіне жататын. Бүгінгі ойы басқа. Шоң оның бұл қылығын түсінбеді.
Сұлтанның ойы Шоңға қарап ұйықтап жатқан сезімді ояту болатын. Шоң киізүй ішіне кірсе екі қыз екі жерде арасын жақындатып төсекті салып қойыпты, алдында Қабайдың айтуы бойынша