Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 21

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

бұрынғысынан да арта түсті. Солай күндер өте берді. Шоң дуан кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Көбіне Қоңырқұлжа Тобыл, Омбы жаққа жіберетін хаттарын жаздырады. Шоң жас болса да сұлтанның көңілінен шыққандай етіп келістіріп жазады. Мына жігіттің тапқырлығына, білгірлігіне риза еді ол.

      Бірде Омбыға барғанда бұлардан келетін хаттарды оқып, тіркеп отыратын орыс айтқан:

      – Қонырқұлжа Құдаймендинович, сіздерден келетін хаттардың соңғы кезде сапасы мен мазмұны жақсара түсті. Қонырқұлжа сөз табуға шебер адам еді, сол арада әлгі адамға, бұрын ылғи қарамағымдағы хатшылар жазушы еді, енді олардың жазғандарына көңілім толмай өзім айтып, үстінен қарап түзетіп жүрмін деді. Бұл туралы Шоңға айтпады. Айтса Омбыға кетіп қалу қаупі бар еді. Омбыдан кайтып келгенде бір күні отырып:

      – Сен Омбыдағы жер басқармасының атына арыз жаз, олар қарсы болмаса жұмысыңа ақша төлеймін, -деді Қоңырқұлжа.

      Шоң Қоңырқұлжаның айтуы бойынша Омбыдағы жер бөлімінің бастығына тілек-хат жазған еді. Ол хат мынау еді;

      Город Омск!

      Его высокоблагородию, начальнику, господину Пограничного управления сибирскими киргизами, от Айткожа —Карповского волостного, киргиза Чона Телькозина, прощение, зная татарскую грамоту и приспособляясь к русскому языку, я осмеливаюсь покорнейше просить Ваше Высокоблагородие, если не встретиться препятствий, определить меня в Акмолинский Приказной письмоводителем.

      Чон Телькозин,25 августа 43 года

      Город Акмолинск»

      Осы хатты Омбыға жіберген еді. Бір ай ішінде Шоң тілегін қанағаттандырған хат келді. Осы жауаптан кейін Шоң өзін шын тілмаш, дуан қызметкері екенін толығымен сезінген еді. Жұмыс бір қалыпты жүріп жатты. Шоң тек қана Қоңырқұлжаның жоғары жаққа хаттарын жазады. Бұрынғыдай сұлтан үйінде тұрып жатты. Осы үйдің бір адамындай болып кеткен.

      Арада бір жылға жуық өткенде Қоңырқұлжаның қызы байынан қайтып келді. Шоң енді байқады, сұлтан да, әйелдері де Шоңды өздеріне бұрынғыдан да жақын тарта түскендей. Бірде әйелі Қаниса:

      – Шоң осылай жүре бересіңбе, келін түсірсейші, -деген еді.

      Шоң бұл сөздің ар жағында қандай сыр жатқанын ұға қалды. Алдында Қоңырқұлжа қызын ұзатқан жерден адамдар келіп кешірім сұрап, сұлтан қызын қайыра алып кетпекші болған. Бірақ ерке қыз көнбей қойған. Сұлтан жерім бар. Енді сонда ұзатамынды айтқан. Жоспарлап қойғандары Шоң еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі осыдан кейін әлгі сөзді айтып отырған. Әзірге олар Шоң да ештеңе айтпай жүр.

      Шоң Табристің үйіндегі толған кітаптарын біржола Қоңырқұлжа үйіне көшірген. Күн сайын таңертенгілік, кешкілік сұлтан қызы Шоң жатқан бөлмеге келіп жүреді. Қыз қай уақытта келсе де Қаниса қарсы сөз айтпады. Онымен қоса реті келгенде Қаниса Шоңды сөзге тартып әңгіме қозғайды. Үйленбейсіңбе, үйленбейсіңбені жиі айтып қояды. Шоң мұның ар жағында қандай сыр жатқанын біледі. Оның көңілі бұрынғыдай емес, қызға суыған. Қыз ұнататын әңгімеге бара бермейді.

      Сөйтіп, жүргенде ауылдан әкесі келді. Кешкі тамақтан

Скачать книгу