Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 16
Сұлтан отырып сұрады:
– Сені орыс мектебіне тұсірген кім?
– Ешкім де түсірген жоқ, өзім келіп түстім.
Егер азын аулақ орысшасы болмаса мектепке қабылдамайтынын білетін аға сұлтан.
– Сен жалған айтып тұрсың, мектепке орысшабілмесең қалай қабылдайды.
– Біздің ауылда орманшы Василий деген бар. Әуелде соның балаларынан үйрендім. Тіл сындырдым.
Бұл орысты Қоңырқұлжабілетін. Ол Қараағаштан Ақмолаға аң-құс аулап әкеліп сататын. Ол қазақ жеріне алғашқы келген орыстардың бірі еді. Нұра бойын аралап жүріп, Қараағашқа тоқтаған. Қазақтың көзіне іліне бермейтін байлықтың көзін тапқан. Ақмоладан үй салып жатқандарға ағаш сататын. Қараағаштааң көп еді. Соларды аулайды. Соның арқасында ол орыс байып алған болатын. Шоңның айтып тұрғаны сол орыс еді.
Ендеше орысша сөйлеші деді. Шоң өзінің қай жерден екенін, руы туралы бәрін орысша айтып берді.
– Тілің орысшаға жақсы жаттығып қалған екен. Ертең кел, содан кейінжұмыс жағдайын ойластырып көремін.
Шоң сұлтанның бұл сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді, келесі күні тағы келді. Тағы да орысша біразсөйлетіп, өткен жолдай ертеңге сілтеп тағы жіберген еді.
Қоңырқұлжа Құдаймендин аға сұлтан қаптаған қазақ
байларын қалаға жібермейтін. Омбыдағы облыс бастығының талабысондай ма, әйтеуір, қазақты қалада тұрғызбайтын. Қазақкелсе саудасын жасаған соң кету керек. Жаңа ғана бекеттен қалаға айналған Ақмолаға анау жылдары кіріп лаған, Кенесарымен соғыс кезінде Қоңырқұлжамен қосылып орыстарды жақтап соғысқан, бірен-сараң төрелерге ұлықсат берген. Олар қанша көп емес еді. Қазақтармен байланысқа керек болған соң біраз татарлардың көшіп келуіне жоғары жақұлықсат берген. Қазыргі Ақмоланың негізіүш халықтан тұратын – олар орыстар, татарлар төрелер болатын. Қазақтар тек қана саудамен келетін. Кенесары көтерілісінен кейін орыстар да, сұлтан да қорқып қалған. Шоң соңғы кіргенде дуан басы айтқан:
– Мен сені жұмысқа алайын. Қызметіне ақша төлеймін…
Мына сөзді естігенде Шоң іштей қуанып кетті. Бар арманы Ақмолада қалып, дуан кеңесіне сіңісіп біразеңбек етіп, ар жағында мүмкіндік болса дуан басымның көмегімен Омбы жаққа барып оқуын жалғастыру болатын. Өйткені, оқыған төре балалары мұнда біразжұмыс істеп, орыс қалаларына кетіп жататын.
Көкейінді сол ой тұрған Шоң, соған орай былай деді:
– Қадірлісұлтан мырза, бізкедей дамадар емеспіз. Мен ақшаға оншақызықпаймын. Мақсатым білімімді жетілдіріп, сіздің басшылығыңызбен осы кеңседебіразқызмет істеу. Бұл сөздерді