Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 12
Дастархан қасында отырған Жамал әрі қарай сөзді жалғаған еді.
– Амандық болса Күміс осы жолы Шоңмен бірге Ақмолаға барады. Сонда тұрады.
Әуелінде осы жолы алып кетемізді сөз еткенде Алдажұманның әйеліне ұнамай қалған, құдаларының қыздарың қалада тұрады деген сөзі шешесінің көңілінен шықты. Сол арада қыз әкесімен, шешесі онаша өзара ақылдасып келісімдерін берген.
Енді олар қазақ тәртібімен қыз бен жігіті төсекте кездестіруге дайындала бастады. Соған орай Алдажұманның бәйбішесі келіндеріне нұсқау берді. Олар соған лайықты іс жасауға кірісті. Енесі айтқандай, қыз төсегін түгел жаңартты.
Жастар жағы бұл кезде алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап тойдың басталуын өткізіп жатқан.
Шоң келгеннен бері өзін суықтау ұстады. Сол күйден өзін қанша зорласа да арыла алмай қойды. Қызға жақындамаған. Күміс те жігіттің бұл қылығын түсінбеді. Өзі расында есалаң шығар деген ойға берілген. Әйтпесе, қызға жақындап, көңіл-күйін білдіру жігіт міндеті ғой. Оның бірі жоқ. Керісінше қашқақтап жүр.
Ақыры күйеу жолдас Әлсен арқылы бүгін қыз бен жігітке оңаша төсек салынатынын қыздың жеңгелері жеткізген еді.
Жігітпен қыздың көңіл-күйіне ешкім қараған жоқ. Әкелерінің айтқаны орындалуда. Қыз үйіне жігіттің кіруіне дайындық жүріп жатты. Әлсен, бүгін қызыққа батасын деді, -Шоңға. Осының алдында екі ай бұрын Әлсеннің өзі үйленген еді.
– Несі қызық, егер сүймей тұрсаң…
– Алғашқы кезде солай, кейін сүйіп кетесің. Сен әлі үйренісе алмай жатырсың, мынау соның белгісі. Қыз төсегі ғажап дүние, одан қызық болмайды.
Шоң оның бұл сөзін түсінбеді. Қыз тартпай тұрса, онда қандай қызық болады. Бұл сөзді Шоң сыртқа шығарған жоқ.
Қазақ тәртібі бойынша жеңгелері Шоңды қыз үйіне кіргізді. Оны шешіндірмекші болып еді, ол бұған көнбеді. Өзі шешінетінін айтқан. Ақыры ырымдарын аяғына дейін жасай алмай қыз жеңгесі шығып кеткен.
Шоң барды да төр алдына қисайды. Артынан біраз уақыттан кейін кірген Кұміс білте шамның жарығынан Шоңның төр алдында жатқанын байқап қалды. Ол да ләм деместен төсегіне қарай өтіп кетті. Екі жақтан да бір ауыз сөз де, қимыл да болған жоқ. Содан таң атқан. Шоң ерте орнынан тұрып кеткен. Ол сыртта ұзақ жүрді. Бәрінен ертерек тұрған Малай сыртта жүрген ағасын көріп, келіп Әлсенге айтқан болатын.
– Шоң сыртта жүр. Сірә, қыз екеуі келіспей қалған болуы керек.
Әлсен оның сөзін жақтырмай:
– Келіспеді деген не сөз?
– Мен Шоңның мінезін білемін. Ол көңіліне ұнамаған адамға қатты айтып тастайды. Қызға да көңіліне келетін бірдене айтқан болуы керек…
Мына сөзді естіген Әлсен орнына жата алмады. Тысқа шыққан еді. Шоң анадай жерде ауыдан алшақтау жерде кетіп барады екен. Әлсен қуып жетіп қасына келді.
– Сенің таң атпай қыз қасынан қашып жүргенің не?
– Мен