Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 11
Ел тамаққа кіріскенде болашақ келіннің қасында отырған қыз:
– Күміс, тамақ ішуге кедергі болады, бетіңді ашыңқырап отырсайшы, -деді. Күміс оған қимылдай қоймады. Содан жаңағы қыз Күмістің бетін ашпақшы болды. Бұл жігіт те сенің жүзіңді көрсін деген саясатпен жасалған іс болатын. Енді қыз да, жігіт те қырын отырса да бәрін анық көреді. Екеуі де біріне бірі ұрлана қарап, бірін бірі жақсы көріп отыр.
Тамақ ішіп болғаннан кейін, қарсы алған жігіт бар, бәрі сыртқа шықты. Қазір біраз серуендеп, кейін алтыбақан тебетіндерін айтты. Әлсен оңашаланған бір сәтте Шоңнаң сұраған болатын.
– Қалай болашақ әйелің ұнады ма?
Шоң өзінің ашуланғанда болатын тіктеу мінезіне салып турасын, бірден, ұнамайтынын айтып салған.
– Несі ұнамады саған?
– Түрі сап-сары, шикі сары қыз ғой.
– Саған үнамаса, әкене ұнап отыр. Қайтсең де аласың. Ұнамаса кейін тоқал аласың…
Әлсеннің мына сөзі жазадай болып естілді. Тоқал аласың, екі әйелді бірден сүю сөзі Шоңның басына қонбайтын. Содан Әлсен сөзінің соңын тыңдамай жүріп кеткен болатын. Қалың ойда келе жатыр. Әлгінде досы айтқан тоқал аласыңы жадынан шықпай қойды. Шоңның ойлауы да басқалардікінен өзгелеу еді. Екі әйелі бірден қалай сүюге болады. Әкесі Телқозының бұл кезде екі әйелі болатын. Бірде Шоң шешесінен сұраған еді: «Сіз Телқозының екінші әйел алғанына қалай қарайсыз?» «Құдайдың жазуы солай болған соң көну керек. Екі әйел алған жалғыз сенін әкен емес, талайлар