Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 10

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

ғой. Досының бұл айтқанына іштей келісе қоймады. Жол бойы Әлсен талай рет Шоңды солай үгіттеген. Әлі үйрене қоймаған, қыз жағдайын білмейтін Жәмке, бұл жағдайда сөзге онша араласпайтын. Көбіне келе жатқандардың тілегі бойынша ән салып, домбыра тартады. Жол бойы жақсы әндерімен Қарақозыға да, Жамалға да ұнап қалған.

      Көңіл шіркін мың құбылды. Досының көңілін көтеру үшін Әлсен айтты: Сары қыздардың ішінде де әдемілері болады…

      Бірақ көңіл шіркінде мықтап орнап қалған ба, қара торыға тарта береді. Дегенмен, Шоң ойланып, мына Әлсен сөзінде де дұрыстық бар шығарға тоқтаған еді. Жол бойы Шоң болашақ жарын көңілмен көз алдына елестетумен келе жатты, бірақ бір тоқтамға келе алмаған. Сан ойға кетті. Бір жағынан мен өз тұрғымнан ойлап келемін, ал егер қыз сүймесе, маған көңілі болмаса қайтемін. Қазақта қыз сүймеуі болмайды, жігіт сүйсе болғаны деген қағиданы да еске алды. Бұл сөз Шоң көңілінен шықпайтын. Қыздың да тілегі, оның да жүрегі бар. Ал егер оның ойынан шықпасаң қандай жар болады. Осыны ойлағанда жүрегінде бір жазсыздық пайда болады. Алғашқы рет қыз ауылына күйеу болып баратын Шоң не айтарын әлі білмейтін еді. Қызбен қалай сөйлесуі керек, бұл Шоң өтпеген мектеп еді. Көз алдына елестет алмайды. Егер бір ақылсыз сөз айтып қыз көңілін қалдырып алам ба, ол менй сүймесе, онымен қалай тұрамын. Көңіл шіркін тұрақсызданып сан тарапқа кетіп, құбыла береді. Алайда, бұл теренде жатқан күйді тіс жарып қасында келе атқан досы Әлсенге де айтпайды, Ол туралы сөз қозғаудың өзін ұят көрді.

      Алдында Алдажұман ауылына жаушы кеткен еді. Бұлар құдалардың келуін күтіп дайындалып жатқан. Бұлар асықпай жүріп, араға бір қонып келесі түс ауа келді. Құдалардың келуі осы ауылға бір күй, бір сәнділік, қызық думан алып келгендей еді. Лезде тыныш жатқан ауыл өзгеріп сала берді. Құдалар күйеу баланы ауыл сыртында қарсы алып, қыз-жігіттер қуанысып жатыр, Бұрын көрмесе де әке-шешесі келісіп құда түскен соң қыздар болашақ жарының алдынан шығып қарсы алу салты бар еді. Бәрі келісіліп қойған, сондықтан Шоң да ойлап келе жатқан, қыз да алдынан шығып қарсы алады деген үміт те бар еді, бірақ қыз шықпады. Бұл жағдай Шоңды әртүрлі ойға жетеледі. Мына қыздың бұрын сүйген жігіті болып, маған ата-анасы зорлап, амалсыздан көніп отырғаны ма, осындайда көңілге не келмейді. Әуелден көңілі сүймей келе жатқан, оның үстіне қыздың өзінен бір жастай үлкендігі барын естіген. Мына алдынан шықпағаны әбден жігіттермен ойнап, қуланып алған шығарға болжаған. Бір сөзбен айтқанда, қыздың алдынан шықпағаны Шоңның көңіл күйін тіптен бұзды. Ауыл жастары қазақтардың ежелгі әдетіне беріліп, Шоңның атына жармасып, мініп те кетпекші болды. Шоң олардың бұл қылығын ұнатпай қалды. Ашуланған. Қарсы алушыларды бастап келген бір ересектеу жігіт тұрып:

      – Балдыздарының жезделерінің атына мініп шабуы ежелден келе жатқан әдет ғой. Атынды сұрап тұрса бер, -деді.

      – Мен әлі қызды да көргем жок, Сіздер бірден менің атыма неге жармасасыздар!

      Шоңнын мына сөзі ауыл жастарын қарсы алуға бастап келген жігітке ұнамай қалды.

      – Көрмесең, көресің, -деді ол да жақтырмай.– Ол тіктеу

Скачать книгу