Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 13

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

заңы да қызық, таныспай-біліспей жатып, күні бұрын байлап-матап қояды. Ерегескенде алмаймын. Маған не істейді». Осы ой оған күш берді де жүріп кетті. Беті ауған жағына жүре берді. Ауыл сыртыедағы тоғай жаққа келгенін байқамай қалды. Біреу қалың тал арасынан шығып осылай қарай келе жатыр екен.

      – Бұл қайсың-ай, таң атпай жүрген, -деп дауыстады. Бұл қыз әкесі Алдажұман болатын. Дәрет алып үйіне қарай келе жатқан.

      Шоң үндеген жоқ. Алдыжұман күндіз көрген күйеу баласын танып қалған. Үйге кірген соң әйеліне:

      – Әлгінде далада біреу жүр. Сырт бейнесі біздің күйеу балаға ұқсайды.

      – Қателескен боларсың?

      – Жоқ, қателескем жоқ, тура соның өзі.

      – Осы уақытта жаңа табысқан адамдар төсектен тұра ма? Басқа біреу шығар…

      – Сен мені соқыр деймісің, дәл, соның өзі. Мына күйеу баланын қылығы түсініксіз. Сен ертең қызыңмен сөйлесіп көрші. Неге күйеу бала ертерек тұрып кетті екен?

      Күйеуінің мына айтқаны әйелін да мазасыздандырды. Танертең әйелі әдейі барып оңаша қызынан сұрады:

      – Түнде әкең күйеу баланы тыстан көріпті. Немене, таныспай жатып араздасып қалдың дар ма?

      – Апа, мен күйеу баланы сүймеймін, ол да мені ұнатпайтын тәрізді.

      Мына сөз шешесін шалқасынан түсіргендей болды. Ойбай салды.

      – Сен не деп тұрсын. Ел бетіне, құдалардың бетіне қалай қараймыз?

      – Апа, не ойласаңыз, оны ойланыз, мен бұл жігітті сүймеймін.

      – Қазір кім кімді ұнатып тиіп жатыр. Бүгін ұнатпасаң, ертең ұнатасың. Ертеңгі күні ел айтады. Алдажұманның қызын алмай тастап кетті дейді. Ол сөзді естігенімізше өлгеніміз жақсы!

      – Жоқ, апа, қажет емес, жігітте кішкентай сезім болса қасыма келіп жатар еді. Екі күнде қасыма бір жатқан жоқ, – деп ашулы қыз ашығын айтып салды.

      Шешесі қызының мына сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді. Жігіт қанша ұнатпаса да алмақшы боп отырған қызының қасына қалай жатпайды. Түгіне түсінген жоқ. Келіп жағдайды күйеуіне айтқан.

      Ол да таң қалды. «Шынында қанша сүймесе да қыздың қасында қалай тыныш жатады. Осы жігіттің еркектігінде бір кемшілік бар шығар» қортыңдысына келді. Дегенмен, бұл туралы әйеліне айтпаған еді. Таңертеңгілік тамақтан кейін Қарақозыны бөлек шығарып алып сөз бастады.

      – Баланың басқа бір жерден әйел алуға көңілі болған жоқ па еді?

      – Ондай сөзді ол да, біз де бұрын қозғамап едік. Көңіліміздің қалап отырғаны сіздің балаңызда.

      – Біздің Күмісті сіздер қалағаныңызбен, ол қаламайтын тәрізді.

      – Ол мүмкін емес, -деді Қарақозы.

      Алдажұман көңілде тұрған күдігін айтпады. Ұялды.

      – Олай болса балаларыңызбен тағы бір сөйлесіп көрініздерші!

      Қарақозы Алдажұманның мына сөзіне ренжіп қалды да:

      – Бәрі айтылып, келісілген жоқ па? Сондықтан келіп отырмыз ғой…

      – Мен

Скачать книгу