Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 20
Мен саған енді жоғары жаққа жазатын хаттардыжаздырып отырамын. Бұл сөзі шындық болды. Жоғары жаққа жазатын жазатын хаттарды Шоңға жаздыру әдетіне айналды. Жұмыстан кейін үйіне ертіп келіп, түннің біразына дейін жаздырадыжоғары жаққа. Бұл кезде көп жерлерде дуанды уезге айналдыру басталған. Оған тек орыстарды бастық етіп қойып жатқан. Шоң енді Санкт-Петербургтегі патша маңайындаотырған мықтылар жазған хаттарынан осындай қауіп Ақмола дуанынан төніп келе жатқанын сезген. Шоң Қоңырқұлжаның мұнысын кеңседегі отырған адамдарға жаздырмай өзіне жаздыру елге сездірмеудің амалы екенін түсінентін.
Бүгін түннің біраз ауқытына дейін отырып жазған еді. Сонда Қоңырқұлжа:
– Бұл жазғандарың туралы тірі жанға айтпа, аузыңнан шығарма, – деді.
Шоң сұлтанның қорқып отырғанын түсіне қалды да:
– Аға, ол жағына өзіңізге сенгендей сеніңіз, – деді.
Қоңырқұлжа Шоңның мына сөзіне риза болып болған тәрізді. Сол күні үйіне жібер мей өз үйіне қондырды. Таңертең Шоңды қыз көріп сұраған болатын:
– Сіз қашан келіп қалдыңыз
– Мен осында қонғанмын. Сұлтан қызы әкесінің мына қара қазақты үйде жатқызғанынан таң қалды. Осы жасқа келгенде төрелердің мықтылары болмаса қара қазақтың өз үйлеріне қондырғанын көрген жоқ еді. Бірінші рет көріп отыр.
Әкесінің мына қылығы қызға ой салғандай еді. Ләм демей басқа бөлмеге шығып кетті.
Қоңырқұлжаның Шоңды үйге алып келіп басқа жақтан келген хаттарды оқытып, үйде оған жауап жазғызу әдетіне айналды. Шоң осы үйдің бір адамындай болып кеткен еді. Бір күні Қоңырқұлжа отырып Қанисаға:
Осы жігітті ерсілі-қарсылы жүргізе бермей, біздің үйге жатқызайықшы.
Бәйбішесі мына жігіттің күйеуіне өте қажет болып отырғанын сезді де бұған қарсы еместей ниет етті. Содан Шоң ойламаған жерден осы үйдің бір адамындай болып шыға келді. Енді өзін еркіндеу сезебастады. Бұл да енді қызбен жолығып жиі сөйлесіп жүрді. Ол да әкесі мына жігітті үйіне жатқызғаннан кейін іш тарта бастаған. Сұлтан қызын арнайы татардан мұғалым жалдап орыс тілін үйретіп жүр еді. Енді мұғалімді сирек шақыртатын болған. Шоңның орыс тілін жақсы білетінінбайқаған қыз бұл жатқан бөлмеге де келіп жүрді. Шоң да қыздың мұнысынан бір сыр ұққандай еді. Әзірге ашық ешқандай әңгіме жоқ. Шоңдатек көңіл бар. Оны қалай сыртқа шығарарын білмей жүрген еді. Бр күні сұлтанның бәйбішесі айтты:
Таяуда, Сақыжан ұзатылады, -деді. Ашық айтпаса да бұл сұлтан әйелінің Шоңға ескертуі болатын.