Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 23
Мына сөзді естіп Қаниса ойбай салды. Өзінің үйреншікті сөзін қайталады:
– Анау балаң орыстан әйел алды. Енді қызды орысқа беремін дейсің. Сонда не болғаны?
Қанисаның мына сөзін Қонырқұлжа ұнатпай, енді турасын айтты:
– Қызың орысқа болса жаман болмайды. Төреге бердік.
Артын, міне, көріп отырсың ғой. Сол төреге беруді әуелінде шығарған өзіңсің!
Мына сөзден кейін Қанисаның аузы жабылып қалғандай болды. Ертеңіне жігітті қызына шақырып алды. Дастархан басында біраз әңгіме болды. Қаниса онша көне қойған жоқ. Бірақ күйеуіне қарсы келе алмады. Арада үш күн өткенде сұлтан қызымен, жігіттің тілегін орындап екеуін өз нәуекесімен орынборға жеткізіп тастады. Сақыжанның қайда кеткені елге жұмбақ болып қалған. Оның қайда кеткенін Шоң ғана білетін. Төреден туған кішкентай жиен қыз Қанисаның қойнында қала берді.
Қоңырқұлжа Шоң, қызын бұған бермей орыспен жібергеніне, қатты ренжіп жүр деп ойлады. Бір күні үйінде дастархан басында отырғанда өткен жолғы сөзін қайталап тағы айтқаны:
– Шоң мен саған төренің ең тәуір қызын алып беремін.
Мына сөзді әйелдерінің көзінше айтып отыр. Шоң оның бұл сөзіне сенді. осы қуаныш үстіне ауылдан әкесі Телқозы келді. Келісімен сұлтанға кірген. Телқосы аздап сұлтанға өкпесін жеткізген. оған да Қоңырқұлжа айтқан еді:
– Телқозы мен сенің балаңа төреден таңдаған қыз алып беремін. Байдан қайтып келген қызды Шоң қайтеді! Ол біреумен кетті. Кіммен кеткенің айтпаған еді. Мың жерден хан тұқымынан болса да Шоңның ұнатпай жүргенін білетін. Содан кейін айтқаны:
– Сұлтеке, сіздің бізге қамқор көңіліңізді білемін ғой. Шоң үміт артқан балам еді. Шоңды өкпелетпейтініңді білемін! Мен де қарыздар болып қалмаспын, -деді сөзінін соңында.
Қоңырқұлжа қызының орыспен кеткенін Телқозыға айтпады. Алдында Қоңырқұлжа Шоңға ескертіп айтқан:
– Сен біздің қыздың орыспен кеткенін аузыңнан шығарма!
Қалың елге қызының орыспен кеткенін білдірмеудің амалы болатын бұл. Төреден қыз алып береміні Телқозы көңілінен шығып отыр еді. Әкесі артынша Шоңды ойды жеткізген еді. Шоңға бұны алдында сұлтан да айтқан болатын.
– Ол десе, айтқанын жасайтын шығар…
– Сұлтан аты бар емес пе, неге жасамасын! -Телқозы да Қонырқұлжаның баласына төреден қыз алып беретініне сенімді еді. Сондықтан мына сөзді айтып отырған.
– Расында байдан қайтып келген қызды қайтесің. Он жерден сұлтан қызы болса да, беті ашылмаған бір төре қызын алып берсе сол жақсы.
Телқозы сонда да баласының сұлтан қызын алмағанына өкініп отырған. Мына сөзді баласының көңілі үшін айтып отырған.
Төрелермен құда болу кез келген қазақтын арманы еді. Ал, бірақ төрелер кез келген қазаққа қызын бере бермейтін. Қызын бермегенімен, сұлтан уәде берді. Баласы елдің қолы жетпейтін биіктен әйел алатынына Телқозы сенімді болып, ол Ақмоладан