Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 25
– Осы жаста жігіт жалғыз жата ма? Мен сенің жасыңда барған жерде қасыма екі қыз алып жататынмын. Солардың өзін таң атқанша шаршатып жіберетінмін. Қазір ол да жоқ, жас келіп қалғанының белгңсң ме, біреудің өзіне хал жетпей қалатын күндер болады. Сұлтан сол келмеске кеткен күндерін сағынғандай біраз әңгіме айтқан.
– Бұл өмірдің қызығын уақытында көріп қалу керек. Жіберіп алсаң қайтып келмейді. Шоң үндемей жата берді. Сұлтан да жолдан шаршап келген болуы керек, артынша ұйықтап кетті.
Ертеңгісін таңертеңгілік Қабай келді. Қоңырқұлжа одан сұраған:
– Қыздар қайда?
Қабай сасып қалып
– Қыздар түнде осында болған жоқ па?
– Болған жоқ, – деді сұлтан
– Ендеше, мен оларды қазір алғызамын!
– Сен өзің не айтып тұрсың. Қазір біз жол жүреміз
– Сұлтеке, мына ұятты болдығой. Енді қайттім…
– Жарайды, ештеңе етпес. Қайтар жолда дайындап қой. Мені қойшы, талайын көрдік ғой. Мына Шоң жағдайын ойлап едім…
– Шоң осы арадан ерсілі-қарсылы өтіп жүреді ғой. Оның да ретін табармын.
– Кешегі шақырған қыздарың әдемі екен. Соларды шақыр тағы да. Қайтарда бір күн болып кетеміз, -деді Қоңырқұлжа
– Шоң тұрып:
– Қыздардың құда түсіп қойған жерлері бар шығар. Ертеңгі күні ұят болып жүрмесін.
– Олардың ертеңіндене ақың бар. Саған сол қыздарды ал деп отырған ешкім жоқ. Сен әйелді төреден аласың. Бір күннің қызығын көр дегенім ғой.
– Аға маған ол қажет емес.
– Сен қызық жігіт екенсің. Қасыңа әкеп салып берген қыздан қашасың. Ол қыздардың кейінгі шаруасында жұмысың болмасын.
Қабай тұрып:
– Мен оларды зорлағам жоқ, өздері келді. Бұл жақтың қыздары төрелерден қашпайды. Менің айтқанымды да екі етпей орындайды.
– Мына сөздіестіп Шоң таңқалды. Қыздар да бұзыла бастаған екен ғой деп ойға қалды. Содан олар жүріп кеткен. Бұлардың қастарына Қабай да ерді. Бұлар келгенде Жанкелдіні о дүниеге шығарып салуға келген адамдар түгел жиналып қалған еді. Енді дуан басының келетінін естіп, соны күтіп отыр екен. Бұлар түс ауа келді. Қолма-қол дайын тұрған мәйітті барлық рәсіммен шығарып салды. Үйге келіп қайыра құран оқылып, жан жақтан келген адамдар енді сұлтаннан бұрын кетіп қалуға ұялып отырған болатын. Содан бір сөз күтіп отырған. Дуан басы оны сезген болуы керек, бәріне ұлықсат берді. Сөз соңында жиналғандарға Тоқалардың үлкендері қалсын деп айтты.
Тоқаларға көрші отырған Қаржас, Қаракесек, Темеш, оңтүстіктен Найман бәрі кеткеннен кейін Тоқалардың үлкендері арасында Қорыспайдың Баймырзасы, оның туысы Сапақ, Аққошқардың Садыры, Барағанның Қамысбайы, Ерназардың Жалантөсінің үлкені Кәдір, Құлымбетінің Лауы, Елгелдінің Таубай, Жабаның Қожамжары бар еді. Тоқалардың басқа да ақсақалдары отырған. Көпшілігі сексеннен асып, Жанкелдінің соңынан кетуге күнін санап отырған адамдар. Қазақтар үлкендерін