Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 26

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

еді. Турасын айтқанда, сол арада жазалап жібереме деп қорыққан еді. Әлгінде сөзбастауға себепші болған Баймырза сұлтан баласы жайындасөзбастаған соң үндемей қалды. Бұлардың ішіндегі жасы, сөзге ширақ Баймырзаның ініс Сапақағасының сөзін жалғағандай болып көңілдегісін айтқан болатын:

      – Сұлтеке, біздің жақтан кеткен ол үлкен білместік болды, деді Баймырза.

      – Сен үйтіп ақталма. Әр нәрсенің жолы бар, жөні бар. Осы отырғандардың әрқайсынбір-бір руды басқарып отырсыңдар. Неге келмейсіңдер!

      Айтарлары бітіп қалғандай мына сөзге бәрі де үндем ей қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады.

      – Мен оны білемін. Бәрің де өздеріңді кінәлі санайсыңдар. Содан кейін үндемей отырсыңдар.

      Осы кезде Таубай батыр шыдай алмай:

      – Сіз орынсыз Тоқалардыкінәләмаңыз. Хан тұқымы хан қолынан қайтыс болды ғой.

      – Кенесары өзі барып өлтірген жоқ шығар. Қажет болса кім өлтіргенін де айтамын. Менің баламның өлімі отырған сіздердің адамдарыңыздың қолынан келді.

      – Сұлтеке, сол кісінің атын атап айтыңызшы – деді Сапақ

      – Осында Тәңірбергеннің екі баласы отырсыңдар. Қайсысы екенін өздерің айтыңдар. Құлағы естігені болмаса көзі көрген жоқ, қайсыңды ұстап беремін. Осы отырғандардың бәрінің ұрпақтары Кенесары соғысына қатысты.

      Тәңірберген ұрпақтарының біразы Кенесары көтерілісне қатысқан еді. Солардың біразы соғыста өліп, кейбіреулері сонау қырғыз жерінен келмей қалған. Нұра бойында болған соғыста да патша әскерімен мына Қоңырқұлжаның баласы Шыңғыс бастаған қолға қарсы шығып, Қоңырқұлжа адамдарына қарсы тұрған еді. Сондықтан Кенесары бұлардың малдарына тиіспей кеткен. Дуан басы оның бәрін білетін. Сондықтан айтып отырғаны болатын. Отырғандар оын мойындағандай тағы да үндемей қалды да, Сапақ отырып:

      – Сұлтеке Тоқа аз халық емес. Осы отырғандардың көбінің туысқандары қатысқан. Сіз бізді ғана кінәлап отырсыз ба?

      – Сендерді ел «бес перен» дейді. Бұл жайдан жай қойылған ата емес. Сол Шыңғыстың өліміне тікелей қатысың болмаса да, баламның Тоқалардың қолынан өлгенін мойындайтын шығарсыңдар. —Осы ру ішіндегі аты шулы Тәңірберген балалры сендер айтыңдар. Тоқалардың ешқайсысы сендерден асып кетпейді. —Соны жақсы білетін Қоңырқұлжа сөзді содан әдейі осылай қозғап отырған.

      Әуелінде жаман қорқып қалған Сапақ, сұлтанның жалпы Тоқаларды аттағанынан кейі көңілі жай тапқандай болды. Әйтпесе, өздеріне кінә тағып Ақмола түрмесіне апарып жаптырып қоятындай көрінген.

      Қасында отырған Қорысбайдың Баймырзасы отырып:

      – Өлген адам қайтып келмейді. Ашығын айтыңыз, балаңыздың құнына не тілейсіз?

      Қоңырқұлжаның күтіп отырғаны да осф сөз еді. Енді көңілдегісін айтты:

      – Шыңғыстың құнына ешнәрсе тең келмейді. Оған осы отырға БүкілТоқаның байлығы жетпейді. Баймырзадұрыс айтасың өлген адам қайтып келмейді. Мен қазақ жолымен хан тұқымы атаусыз қалмасынды ойлап үш мың жылқы сұраймын.

Скачать книгу