Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 30

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

мұнысы далбаса екенін, қазақ жерінде уездер құрылуына байланысты төрелерден де, қазақтардан да бұл жұмысқа адам қоймайтынын Карбышев білетін. Аға сұлтанның аузынан мынандай сөз естіп Карбышев:

      – Сіз Бекәліні әуре етпеңіз, ол Омбыдағы оқуын бітірсін, оынң жағдайын кейін ойластырып жатармыз, -деді. Дуан басы етіп сіздің күйеу балаңыз Ыбырайды тағайындайық. —Карбышев Ақмола дуанын тарататынын біліп отыр еді, Қоңылқұлжа ауырып жатқалы күйеу баласы Ыбырай Жайықбаев басқаратын. Карбышев оның уақытша отырғнанын жақсы білетін. Губернатор патша алдында еңбегі бар аға сұлтанды ренжіткісі келмей отырғанын жақсы білетін. Оның денсаулығының нашар екенін губернатор да Карбышев арқылы біліп отырған еді. Бұл Ақмола дуанының әзірге уезге айналмай тұрғаны патшаға жақсы қызмет атқарған сұлтанның көңіліне қарау болатын.

      Карбышевтің әйелінің ағасы губернатор қарамағында бір мықты жұмыс атқаратын. Сол да губернатор құлағына Семендіжіберудің бастығының құлағына салып қойып жүрген. Соның да сөзі себеп болды ма, губернатор бірде Карбышевтің өзіне айтқан, сен өзіңнің туған жерің Ақмола уезіне оязболып барсаң қайтеді. Бұл қызметке баруға тілек білдірушілер орыстар арасында көп болатын. Өңкей киргиздардың арасында орталықтан алыстау жерде жақсы өмір болатынын басқалар да түсінетін. Онда еркін қимылдау Омбыда, Тоболдан шалғайда жатқан жерде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ екенін білетін. Карбышев те талай адамдардың барғысы келетін біліп жүрген. Ақмола Приказын Семеннан артық ешкім жақсы білмейтінін губернатор да түсінетін еді. Және оқу бітіргелі сонда губернатордың бақылаушысы болып істейтін. Әжептәуір, киргизшасы барын да білетін. Губерниядағы өзінің сыйлайтын адамы тілек етіп отырғаннан соң да Карбышевті лайық деп тапқан. Бұл сөз Карбышевтің де көңілінен шығып соған дайындалып жүрген. Ол әлі генерал-губернатордың айтқанын Қоңырқұлжаға да, басқа төрелерге де, әзірге ешкімге айтпаған. Сұлтанның көңілін қалдырмай жасауды ойлады. Ал, енді мына Қоңырқұлжа баласын айтып отыр. Егер Бекәлі дуан басы етіп тағайындалса оның арты шуға айналып кететінін сезіп отырған. Өзі келген соң, ол орынбасары болады. Ол өзінің жұмысына араласып есін шығаратынын білетін. Сондықтан Карбышев оның бұл жаққа келуін қаламайтын. Ертеңгі күні ешқандай сөзге түсінбейтін, кеуделі Бекәлі менің әкем осы Приказнойды басқарғанын айтып дау шығарып, бас артық шаруа жасайтынын да түсінген. Сондықтан оған барғысы келмеді. Ал Ыбырайды шығарып тастау оңай болатындай көрінді өзіне.

      Әлгі Ыбырай жайлы сөзді ауру Қоңырқұлжаны ренжітпеу үшін айтып отырған еді. Бұл кезде орыстар басып алған жерлердің бәріне дуан орнына уезд құрып бітуге жақындаған. Саусақпен санарлықтай дуандар қалған еді. Губернатордың әзірге ұстап отырғандары хан тұқымдары Көкшетау жақтағы Шыңғыс пен осы Ақмоладағы Қоңырқұлжа ғана еді. Өйткені, Кенесарымен соғыс кезінде екеуіде патшаға адал беріліп қызмет екен. Олардың сонысын жоғарыда отырған патшадан бастап губернаторға дейін қадірлейтін. Карбышев сырқат Қоңырқұлжаны ренжітпеуді

Скачать книгу