Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 31
Бұл сөз сұлтанның көңілінен шықпады.
– Сонда орыс шенеуніктері алмай ма? Осында жер, жайылым дауын тексеріп келген олар сан рет пара алған. Мен оны мына көзіммен көрдім. Сол туралы патшаның өзіне жазсам қайтеді?
– Сіз оған түк жасай алмайсыз. Бұл патшаның жүргізіп отырған саясаты…
Мына сөзді естігенде сұлтанның өн-бойын бір ашу жайлап кетті. Ашуды зорға басып сұлтан былай деді:
Мен өзімді ойлап отырғаным жоқ, келешекті ойлап отырмын. Менің орыныма Жәнілдә, болмаса Бекәлінің қалғанын қалаймын.
– Қоңырқұлжа Құдаймендинович, аумалы-төкпелі дүние. Амандық болса сіздің ойлағаныңыз да болып қалар, бірақ сіз асықпаңыз. Артын күтіңіз.
Карбышевтің мына айтқаны көңілінен шықпай тұрса да, Кенесары соғысы кезіндегі еңбегін ұмытпайтынына патшаға сенімді еді, ол. Қоңырқұлжа орыс саясатын әлі толық түсінбейтін.
Карбышевта Қоңырқұлжаның еңбегін қатты бағалайтын, әкесі өлген кезде соң шешесі, інісі және қарындасына қамқорлықжасап, қанаттыға қақтырмай, ауыздыға шоқтырмай дегендей күйде ұстаған осы адам болатын. Оны жақсы білетін. Әйтпесе, оларды құртып жіберетін төрелер де табылатын еді. Оның бәрін Карбышев жақсы ұғып алған. Бала кезінде өмірі осы Ақмола бекінісінде өткен оның тірлігі басқа орыстардан өзгелеу еді. Жергілікті халыққа үйренген.
Солардың салт-дәстүрін жақсы білетін. Қоңырқұлжаға ағайындас адамның екі қызы бар еді. Әке-шешесі өлген, өзіне жиен болып есептелетін, олар осы Ақмола бекетінің іргесінде тұратын. Карбышевпен туыс болу үшін, бірін ал деген. Ол он беске жаңа ғана келген жасын алған. Оларда әке-шеше жоқ, сұлтанды сыйлайтын өздеріне қамқоршы болып жүрген адамға қарсы келе алмады. Бір жағынан сұлтанның мінезін білетін қорқатын, қаймығатын. Ішкі ойларын білмей, сұлтанның айтқанына келіскен. Қыз Карбышевтің көңілінен шығып қазір заңды әйеліне айналған. Бірақ бұл құпияны Карбышев Омбы жаққа білдірмейтін. Ол жақта өзінен кәрілеу әйелі бар болатын. Оның туысқандары үлкен қызметте болғандықтан кезінде күні үшін алған еді. Әйтпесе, өзінен біраз жас үлкен орыс әйелін сүймейтін. Одан және бала да жоқ болатын.
Қай жағынан болмасын Қоңырқұлжа Карбышевті өзіне тарту жағын қазақшылықжолмен осылай ойластырып баққан. Пәлен жүзжылқыны Сібірге айдалған қазақтардан тартып әперген. Бір сөзбен айтқанда, Карбышев сұлтанға қарыздар еді. Қоңырқұлжаның Карбышевке еркін, өктем, ашық сөйлеуінің бір сыры осында жатыр еді.
Сұлтан өзінің орнына баласы Бекәліні қоймақшы болса да Карбышев те мықтылық көрсетіп, Дуан басы қызметіне Бекәліні емес, Ыбырайды қоятын болып кетті. Бұл жеңілген, ол жеңгендей болған. Қоңырқұлжаның бұған қарсы амалы жоқеді. Қандай қарсылық көрсеткенімен Карбышевтің күшті екенін іштей сезетін.
Өйткені,