Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 2

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

отырғанын сезді. Соның ішінде өзі де кетіп бара жатыр… Алайда, ояздың айтқанына қарсы шыға алмайсың. Ақыры Шоң келіскен еді.

      Осы арада тағы бір қауып бар еді. Шоң анау Алтайдан тараған Қареке, Мұрат, Сармантайлар: «Телқозының мына баласы қызымызды алып қана қоймай, енді өзімізге де билік жүргізуді ойлап отыр» – деп сөз шығаратынын болжаған еді. Сол арада отырып оязға айтқан:

      – Анау менің әйеліме ағайындас Сармантай, Мұрат, Карекелерді менің болысыма коспай-ақ қойсаңыз, Семен Иванович, одан біз ұтпаймыз, қайта ұтыламыз, ертеңгі күні бізге билік жүргізгісі келіп біздің күйеу бала әдейі қосып алды дейді. Мен ондай сөз естуге барғым келмей отыр.

      Карбышев қазақтар жоқтан барды жасап отыратынын білетін еді. Шоңның мына айтқанына келіскен. Ағайынды үш руды өз алдына бір болыс жасауға ұйғарған еді. Оларға кім лайықты дейсіз деп сұраған.

      – Қазір байлық кімде болса, сол билік құрып отыр ғой. Үш рудың арасында байлар көп. Қайсысын айтарымды білмеймін. Ол жағын өзіңіз шешіңіз, – деп, Шоң болыс болуға лайықтысын атап айтпаған еді. Карбышевті өз шешімінде қалдырғысы келген. Ертеңгі күні бұл айтқан адам көңілінен шықпаса өзіне сөз келетінін білген еді Шоң. Содан кейін ештеңе демеген.

      Осы әңгімеден кейін Герасимов екеуі жол жүруге дайындалды. Шоң жүрер алдында Карбышевтен сұраған еді:

      – Семен Иванович, мен мұндағы шаруамды кімге өткіземін?

      Кейбір жұмыстарына көңілі толмай жүрсе де, Карбышев жер мәселесіне байланысты шаруамен Шоңның жүргенін қалайтын. Көңілінен шықпағаны – Темештерге байланысты, тағы бірді-екілі тапсырмасын өз ойлағандай орындамаған еді. Бұл кезде Темештер Қорғалжын көліне жақын жерге үлкен ауыл болып отыра бастаған. Олардың мұнысы ояздың көңілінен шықпай жүрген еді. Мұны Шоңның ақылымен жасап отырғанын сезген. Шоңды жер мәселесіне байланысты шаруадан болыстыққа ауыстырудың бір сыры да осында жатыр еді. Дегенмен, Шоңның атқарған көп істері көңілінен шығып жүретін. Сонысы үшін болыс етіп жіберуді дұрыс деп тапқан.

      – Жер мәселеніне байланысты шаруаны жүргізетін басқа адамды табамын. Қажет болса, өзіңді де шақырып тұрамыз.

      Қазақтар арасындағы кейбір орыстар шеше алмайтын, қазақшылығы көп дауды Шоңға қалдыруды ойлаған. Содан кейін мына сөзді айтып отыр еді. Бұл Карбышевтың көп қулықтарының бір екенін түсінген Шоң да. Осы арада Шоңның басына бір ой түсе кетті. Егер жер мәселесіне байланысты шақырып тұратын болса, онда Ақмолаға жиі келіп тұратынын білді. Өйткені, қалада тұрғанды Әйімкүл де ұнатып жүргенін сезетін. Содан кейін Шоң айтқан:

      – Семен Иванович, олай болса мен осы қалада тұрып болыстықты басқара берейін…

      – Шон Телкозинович, ол болмайтын шаруа. Онда басқа болыстар да қалада тұрып, сен айтқандай жасағысы келеді.

      Карбышевтың мына сөзінде шындық жатқанын білді. Осы маңайдағы болыстардың бәрі де қалада отыруға құмар еді. Содан кейін қарсы сөз айтқан жоқ. Тексұрағаны:

      – Сонда менің мекен жайым қай жер болады?

      – Анау Қабай отырған Көбетей ауылына барып отырсайшы.

Скачать книгу