Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 6
Шоңның мына айтқаны елдің көңіліне қонбайтындай сөз еді. Үш рудың тәуірлері қорқып кетті. Қыбыр-сыбыр көбейді. Шоң өздері еркін отырып сөйлессін деп сыртқа шығып кеткен. Біреу отырып айтты: «Мынау ана ояздың айтқанын жасап болыс болған ғой. Расында, Қабай айтқандай, шын орыс болып кеткен шығар».
Шоң қайта кіргенде бір би отырып:
– Өзіміз де бір ауыл болып отырмыз ғой, – деді.
– Екі-үш үйден отырған ауыл болмайды, отыз, елу үйден үлкен ауыл болып отыру керек. Елдігімізді сақтап қалу үшін солай болып отырған жөн. Сіздер әлі алда болатын жағдайды түсінбейсіздер. Орыс келіп жатыр. Нұра бойындағы жақсы жерлерді алып қояды. Анау Темештердің қасына қоныстанған, мына Жабағылардың іргесіне де келіп қоныстанғанын көрдіңіздер ғой. Бұл бастамасы ғана. Әлі сан үй орыс көшіп келеді. Нұра жағасына топталып отырсаңдар кіре алмайды. Елу үйден кем болып отырмаңыздар. Олай болмаса ертең жерден айырыласыздар, елдіктен кетесіздер.
Бір би отырып:
– Шоң шырағым, Жабағылар жанына сол орыстарды әкеп қоныстандырған өзің емес пе едің?
– Ағасы, менде ешқандай билік жоқ. Ояз апарып қоныстандыр деді. Мен айтқанын жасадым. Басқа менде билік жоқ. Сізді қойса да соны жасайсыз. Басқа амал жоқ. Ертеңгі күні осылай шашырап отыра берсеңіздер тағы да көшіп келеді. Сонда нулы-сулы Нұраның жағасынан айрыласыздар.
– Сен енді болыс болдың, ана жоғарыда отырған орыстарға айтпайсың ба?
– Олар менің тілімді алмайды. Ал сіздер сол Нұра жағасына барып отырып алсаңыздар, ештеңе жасай алмайды.
– Ендеше болыс болып неге келдің?
– Болыс болғаныммен ол менің қолымнан келетін шаруа емес. Орыстарды қоныстандыруды жоғары жақ жүрізеді. Бұл менің сіздерді сақтандырғаным. Жақсы жерлерден айрылып қалмаңыздар деймін.
Шоңның бұл сөзіне ешқайсы сенбеді. Әлгі сөздің бәрін орыстар Шоңға саясатпен айтқызып отыр деп ойлады. Осыдан кейін ел көп отырмады, орындарынан тұра бастады. Сайлауда Шоңға көңілдес болып дауыс бергендердің өзі Шоңның мына сөзінен кейін бір пәленің бетін көргендей болды. Шоңның соңғы сөзіне ешқандай жауап бермей жиналғандар ауыл-ауылдарына тарап кеткен. Баласының мына сөзі Телқозыға да ұнамады. Ел түгел тарап, онаша қалған соң ол сөз бастаған болатын:
– Сенің елге әлгі айтып отырғаның не? Орыстар солай деп отыр ма?
– Ешкім маған ештеңе айтқан жоқ. Бұл менің өз ойым. Тоқалар Нұра бойында бірнеше үлкен ауыл болып отыруы керек. Орыстар екі-үш үйден отырған үйлерді ауыл демейді. Ертеңгі күні қастарына келіп он үйден, жиырма үйден қоныстанып алады да, сол жерден қуып шығады. Көптің аты көп. Үлкен ауыл болып отырсаңдар, ештеңе айта алмайды. Орыс келіп қасыңа қоныстанса тілден, салттан айрыласыңдар. Одан айрылсаңдар, елдіктен айрыласыңдар. Бәріміз орыс болып кетеміз. Малға да, тұрмысқа да жайлы Жанкелді тұқымдарынан бастап Нұра бойына көшіп барыңдар, – деді Шоң.
Мына сөзді естігенде