Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 9

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

бір қыз алып берейік дедік. Ол келмеді. Татардан әйел алып, татар болып кеткен адамның бізге қажеті қанша?!

      – Ол қазір татардан алған әйелін тастағанын айтып отырмын ғой. Қазір әйелі жоқ. Енді алып берулеріңе болады. – Шоң Жәмкеге сөз келтірмеуге тырысты. Анығында, баяғы ауыр сөзден кейін екеуінің арасында қатынас әлі күнге дейін жоқ болатын. Шоң бірнеше рет ыңғай танытқанымен, Жәмке иілмей жүрген. Содан кейін бұл да оны қинамайтын. Оның жағдайын Жәмкенің досы Герасимовтан біліп жүре беретін.

      – Шоң бауырым, біз емес, ол ұмытты. Міне, сен келіп отырсың. Баяғыдан бері, сағынған болса, туған аулына келіп қайтпай ма? Ол нағыз татар болып кеткен адам ғой. Ол жайында сөзді көбейтпе. Өзің жай жүрсің бе?

      – Жай жүргем жоқ, сізге сәлем беріп, ақылдасайын деп келдім – деп сөзін бастап, енді келген негізгі шаруасына көшкен еді. – Мына отырған жерлеріңіз малға жайсыз. Оңтүстіктеріңіз жартылай шөлейт жер. Малға да, өздеріңе де жайлы мына Нұра бойына көшпейсіздер ме?

      – Бізді анау отырған Бекше, Жабағылар, Солтан, Аққошқарлар жуыта ма?

      – Солармен бір ауыл болып отырасыңдар. Мен ол жағын келістірейін…

      – Сонда біз оларға кірме болып отырамыз ба?

      – Кірмелеріңіз не? Бәріңіздің негіздеріңіз бір, Тоқасыңдар ғой.

      – Тоқа кім, біз кім? Шоң, олай бізді жақындатпай-ақ қой, – деді мына сөзге реніш танытқан Сәтек.

      – Сіздердің жағдайларыңызға қарай айтып отырмын. Сіздер жыл сайын жаз айларында сонау Бекеш бойына жайлауға көшіп отырсыздар. Нұра бойына барсаңдар жақын болмай ма?

      Айсары айтты:

      – Шоң бауырым, мына айтып отырғанын ойының ба, шының ба?

      – Мұндай ойын болмайды, шыным. Қазақ жеріне көптеп орыстар келіп қоныстанып жатыр. Ана Жабағылармен құдандалы, туыс адамдарсыздар. Солармен бір ауыл болып отырмайсыңдар ма?!

      Мына сөзді естіп отырып, Таубайдың екінші баласы Ақсары қатты ашуланды.

      – Шоң, өзің не айтып отырсың. Бұл ара жақсы болсын, жаман болсын ата қонысымыз. Бұл арада біздің аталарымыздың сүйегі жатыр. Өзің білесің, баяғыда атамыз Сатыбалды Елгелді атамызға осы жерді қоныс етіп берген. Бұл ара сонысымен ыстық. Біз бұл арадан ешқайда кетпейміз.

      – Ағасы, мен оны біліп отырмын. Ол заман басқа еді. Енді, міне, орыстар келді, заман өзгеріп барады. Соны түсінулеріңіз керек. Нұра деген суы мол, маңайында шабындық көп, жақсы жер. Орыстар келмей тұрғанда сол жерге қоныстанып ал дегенім ғой. Енді біраз уақыттан кейін кеш болады. Сіздер көшіп барсаңыздар, ана қоныстанып жатқан орыстар сияқты тағы келеді. Ал олар қалың қазақ қасына жуымайды.

      – Ана Жабағылармен қалай тіл табысамыз, осы жақтан бізбен ұрыссып кетті ғой.

      – Олар ана орыстармен де тіл табысып отыр. Олар кім, сіздер кімсіздер…

      – Біз олармен тіл табыса алмаймыз. Шоң, мынауың басы артық сөз болып кетті, – деді тағы да Сәтек сөзге араласып.

      Мына

Скачать книгу