Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 7

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

осы жерде қалдырыңдар. Бұл ара малға кең жайлау болып қалады, бұрынғыша. Ауыл Нұра бойында болуы керек. Сонда араларымызға орыстар келіп кіре алмайды. Айтып отырмын ғой, енді біраз жылдан кейін өзен бойына орыстар қаптап кетеді. Анау Жабағылардың қасына келгендер бастамасы ғана. Келешекте қазақ бір малмен өмір сүре алмайды. Мал бір жұттық ғана. Орыстар тәрізді егін егіп, огород салу керек.

      – Ел дұрыс айтады, орыстарды көшіріп әкелген сенсің дейді. Бұл шындық. Енді оған көзім жетіп отыр.

      – Менің қолымнан келсе, бұл жаққа бір орысты жібермес едім. Ол ана жоғарыда отырған орыстардың жасап отырғаны ғой. Біз оларға қарсы келе алмаймыз. Өйткені, біз оларға бағынышты халықпыз.

      Телқозы Шоңның айтқанына сене қоймады. Іштей жалғанға болжаған еді. Әбден орысша оқып, басы айналып кеткен деген корытындыға келген-ді. Баласының мына сөзі оның көнілінен шықпады. «Анау орыс бастықтары осындай айтқанын жасағаны үшін әдейі болыс сайлап отыр ғой». Телқозы енді ашуға беріле сөйлеп кетті:

      – Сен бұл шаруаны орыстарға жағыну үшін жасап отырсың ғой. Ежелден аталарымыз осылай отырған. Орыс келсе келе берсін. Бізге түк жасай алмайды. Есі дұрыс орыс біздің арамызға келіп отырмайды.

      – Телқозы, есіңде болсын, атамыздың тіршілігі ертеңге келмейді. Біздің балаларымызды басқа өмір күтіп тұр. Қазірден бастап өзіміз де ыңғайлана беруіміз керек. Орыс келсе жерден ғана емес, елдіктен айрыласыздар деп отырмын ғой. Қалай түсінбейсің? – Тағы да толып жатқан дәлелдер келтірді. Телқозы баласының айтқанына мойын бұрмады. Баласының мына айтып отырғаны бос сөздей болып көрінген оған. Орысша оқудың әсері деп бағалаған. Енді осыны орысша оқытқанына өкінгендей болды. Шоң әкесіне ақыры түсіндіре алмай қойған. Басқалар түсініп, басқалар бастаса Жанкелді тұқымы да ешқайда кетпейді деген қорытындыға келген еді Шоң. Содан кейін аулында екі-үш күн болып Нұра жағасында отырған аз ауыл Жабағыларға келді. Ойы – Сегізкөңде отырған Жабағылар мен оларға іргелес отырған Елгелділерді Нұра бойына, Қожамжар қасына тарту болатын.

      Бұл Жабағылардың үлкені, өз руының арасында беделі бар, өзіне таныс Кожамжардың үйіне келді. Болыс болмай тұрғанда, бір кездескенде Қожамжар қатты ашуланып сөйлеген. Алдында іргелеріне бір топ орыстарды әкеп қоныстандырғанда ауыл иесі Қожамжар үйінде жоқ еді.

      Шоң келгенде Қожамжар өзінің әдетінше үй іргесінде көлеңкелеу жерде отыр екен. Шоң келіп сәлем берді. Ауыл иесі Қожамжар Шоңның болыс сайлауына қатыспаған. Шоң шақыртқан тойға да келмеген. Қожамжар қасына жайғасқасын сөз бастады.

      – Қожеке, сіздің осы Нұра бойына келіп қоныстануыңыз бір көрегендік шаруа болды. Ана Сегізкөңде қалған туысқанды да көшіріп алыңыз.

      – Сен, Шоң, орыстарды менің қасыма көшіріп әкеліп, оларды үркітіп жібердің. Өткен жолы сен келгенде, мен соларға барып сөйлесіп келіп едім, орыстар отырған жерге бармаймыз енді дейді олар.

      – Сіз оларға Шоң көшіріп әкелді дедіңіз бе?

      – Шындықты айттым,

Скачать книгу