Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 10
Телқозы қаптап келген Елгелділерді көргенде әуеліде түкке түсінбей, қорқып та қалды. Өйткені, бұлардың: «Телқозы бізді ұры дейтін көрінеді, соны дәлелдесін!» – деп айтып жүргенін естіген біреулерден. Бір жанжалдың болатынын іші сезіп тұрғандай еді. Және мына даукес Елгелділермен сөз қозғауға ықыласы да жоқ еді. Бұлар, қанында бар ма, сөзге мықты болатын.
Телқозы Шоңнан сұрады:
– Мына қаптаған Елгелділер қайдан жүр?
– Бұл кісілер әкеміз Жанкелдіге құран оқуға келді.
Телқозы бұл Елгелілер қалай құран оқығыш болып кетті деп ойлады. Баласымен келіп отырған соң сөзді көбейтпей, үндемей қалды. Сәлден соң сыртқа шығып, бір жылқы союға нұсқау беріп, ішке қайта кірді. Елгелділерді жек көргенімен, бірақ баяғы Таубайдың Шоңға берген бір жүйрік тайына риза еді. Одан кейін мініп жүрген атын Шоңға беріп кеткеніне әлі де көңілінде ризалық бар болатын. Сол Телқозының ашуын тоқтатқандай еді. Телқозының іші ұнатпай тұрса да, баласының жаңағы сөзінен кейін бір жылқы сойылып тасталған. Дастархан басында бабасы Жанкелдіге, одан кейін қайтыс болған Зейнет, Жәметке арналып құран оқылды. Бұл бас қосуға Телқозы әдейі шақырған, қазір тірі жүрген үлкен әкесі Әнет риза болып қалды.
– Бұл Елгелділер Сатыбалды әкеміздің үлкені ғой. Бүгін сол үлкендігін жасап отыр, – деп бастап, туысқандарын мақтап бірталай жерге барды Әнет. Оған жауап етіп Айсары сөйледі:
– «Жақсының артынан жақсы туады» деген сөз рас екен, енді мына бауырымыз Шоң болыс болып отыр. Сол ұзағынан жарылқасын. «Көніл кірі айтса кетеді» дегендей, осы арада айтпаса болмайды. Мына Телқозы туысқанымыз бізді ұры дейді. Міне, қасиетті дастарханыңнан дәм татып отырмын. Сіздерден бір мал ұрласақ, не деп қарған дейсіндер…
– Айке, сіз ұрлаған жоқсыз, оны білемін, басқа Елгелділер бар емес пе? – деп Телқозы мына жақтан қосылып кетті. Айсары да жауабын тауып кетті:
– Ал осы отырғанның бәрі Елгелді, бәрімізге де тиеді. Телқозы, ондай сөзді айтпа енді, бұдан былай. Айтсаң сол адамның атын атап айт. Әйтпесе, бір руды түгел ұры дегенің ұят болады.
Айсарынын мына сөзінде жөн бар екенін сезіп, Шоң әкесіне қатты ренжіп қалды да:
– Телқозы, сен қалай сөзге түсінбейсің?! Айекең бүкіл Елгелділер атынан айтып отыр ғой. Онда сол ұрыны ұстап алсаң айыпта, әйтпесе ұят болады. Бүкіл Елгелді ұры деуің ешқандай кисынға жатпайды.
– Телқозы, сен енді сөзді көбейтпе, ұрласа да бір үйір жылқының дауы бітетін болды, – деді Әнет.
Телқозы әкесің мына сөзін онша ұнатпай тұрса да, қарсы сөз айтқан жоқ, үндемей қалды. Үлкен әкесінің сөзін Шоң жалғаған. Екі туысқан рулардың арасындағы бұрын қатынасып тұратын жолына шөп өсіп кеткендей көрінді Шоңға.
– Сол болмасың десеңіздер, жиі қатынасып тұрғаның жөн. Маған ояз бір поштабай ал деген. Сол адамды сіздің ауылдан алайын. Кімді атайсыздар?
– Шоң