Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 45
– Сені жұмсағаны несі қолбала құсатып… – Шоң әкесінінің сөзіне де, Кеттебектің қылығына да ыза болып тұр еді.
– Ол да келеді, сен дұрыс қарасын деп әдейі ескерткенім ғой бұл. -Телқозы осыны айтты да үйге беттеді. Оның артынан Шоң кірген. Алдында ғана енген Әйімкүл шайды жасап қойған екен. Әкесі жайғасып отырып Әйімкүл құйған шайды іше бастады. Шөлдеп келген болуы керек, кесесін тез тауысып, рахаттанып отырып шай ішті. Тер одан да кетті, бұдан да кетті. Шоң қалжақтап айтты:
– Немене, Кеттебектің үйі шай бермеген бе?
– Берді ғой, бірақ Әйімкүлдікіндей болмайды ғой. Бұл келіннің шайы айрықша. – Телқозының бұл да бір саясаты болатын. Кейде айтар сөзін Шоңға өзі айтпай Әйімкүлге айтып кететін. Мынасы соның алдындағы мақтау еді. Нартай Шоңның мініп жүрген атын алып кеткеннен соң, жалпы Телқозы көңілі Әйімкүлден де суып қалған. Әйімкүл Ақмоладан қайтып келген соң көңілдері қайта табысқан еді. Оған себеп болған Әйімкүлдің көкелеп тұрған мінезі еді. Әйімкүл сонымен Телқозы тілегінен шығып жүрген еді. Атасының көңілін осындай мінезімен жаулап алған. Телқозы да Әйімкүлдің айтқанын қисық демейді, Шоң да шамасы, реті келіп тұрса орындауға тырысатын. Әрбір адамның айтқанына сын көзбен қарайтын Шоң сол қасиетін Әйімкүлге келгенде жоғалтып алғандай болады. Және оның айтқандарын ілуде-шалуда болмаса, дұрыс емес демейді. Шоңның да әйелінің айтқан сөзің екі етпей орындайтынын Телқозы сезіп, біліп алған әбден. Мынасы да сол үйреншікті әдісі болатын. Шоң әкесінің әлгі сөзін жақтырмай:
– Әйімкүл шайын көп ішіп үйреніп қалғаннан ба, маған да айрықша… Кеттебектің әйелінің берген шайы Әйімкүлдің шайының ширегіне келмейді. Сен шай жайында әңгімені қой. Мен саған Кеттебек мәселесін әдейі тапсырып отырмын. Бір рет мен айтқандай жасап бер… – Телқозы шайын тездетіп ішіп, асығыс орнынан тұрды.
Әйімкүл атасының әлгі сөзін Шоңның қабылдамай отырғанын білді. Ол Телқозының әдейі бұл шаруаны өзіне тапсырып кеткенін түсіне қалды. Телқозы бұдан кейін Шоңнан сұрамайтын, кейін уақыты болды-ау деген шамасында Әйімкүлден сұрайтын. Ол да атасынын ондайын біліп алған, түбінде өзінен сұрайтынын түсініп, сол себепті Шоңның есіне салып, ретін келтіріп сұрап та қоятын. Әлгі әкесінің сөзінен кейін Шоң ашуға беріліп:
– Әлгі сөзді көбейтіп кетті ғой, Кеттебек ешқашан есесін оларға жібермейді. – Әкесінің айтқаны ойынан шықпаған болуы керек, өзінен өзі отырып дауысын көтере сөйледі. Бұл жақтырмағандықтың белгісі еді. Әйімкүл де оны түсініп, үндемей қалды. Шоң түскі тамағын ішіп алған соң өзінің әдетімен біраз дем алып, жазуға кірісті. Жазуға берілгені сондай, әкесінің тапсырмасы туралы ұмытып та кеткен.
Содан сол күні төсекке жатқан соң өзінің әдеті бойынша Әйімкүл Шоңға әкесінің тапсырмасын еске салған. Шоң оны жақтырмаған ыңғай көрсетіп сөйледі.
– Сен де, Телқозы