Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер. Айнур Женисбековна Аймурзина
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина страница 5
Біздің қарым-қатынасымыз үшін маңызды ең бірінші нәрсе – баланың сезімі мен мұқтажын ұғынуға тиіс болдым. Сонымен бір мезгілде қатар мен өз эмоцияларым мен қажеттіліктерімді білдім. Сондай-ақ мен жобада зейін қойып тыңдауды, өзімде және Женяның бойында өзін көрсету дағдысын дамыттым. Дос болуды, қолдау көрсетуді және өзге адамға қамқорлық жасауды үйрендім.
Екеуіміз бірден ағылшынша сөйлеуді үйрену керек деген мақсат қойдық. Өкінішке қарай, біз оған әлі жете қойған жоқпыз. Жұмыс жасаудамыз.
Маған Женяның бойындағы көп нәрсе ұнайды, мысалы, тамаша әзілқойлығы, ерекше ойлауы, жігіттік жігері, жеңілуді ұнатпайтындығы, қайырымдылығы. Осы жылдарда ол шат көңілді, жігерлі, тапқыр жанға айналды және қазір шешімді де нық қабылдайды. Мен үшін Женя – тамаша дос.
Оның әрдайым іс пен уәдеге берік жан, от жүректі, батыл жанды жігіт, сенімді дос, табысты қайраткер және жарқын тұлға болуын тілеймін! Осы өмірдің дәмін татып, одан мол күш-жігер алуын, зор сабақ тоқуын қалаймын!
Женя
Берік – маған аға әрі досым. Ол өте мейірімді, адал, әділ. Әрқашан шындықты айтады, сөзім тәтті болсын деп бұрмаламайды. Мұнысын дұрыс санаймын. Оның тіке айтар турашылдығын бойыма сіңіргім келеді. Ол мені дұрыс ойлауға, талдау жасауға, адамдар жөнінде ойлануға, дұрыс қадам жасауға және тығырықтан шығар жол табуға баулыды. Тағы ас әзірлеуді де үйретті. Маған оның үйіндегі кездесуіміз, әсіресе, тамақ әзірлеген кезіміз ұнайды. Біз түрлі тағам әзірлеуді жиі байқап көреміз. Бірде тұмшапеште үйрек дайындадық. Өте дәмді болып шықты. Ас әзірлеу зор танымдық дүние екен және даярлау барысында маңызды тақырыптарда сөйлесеміз. Тағы компьютерлік ойындарды бірге ойнағанымыз да есімде қалыпты. Бұл – көңілді.
Мінсіз жан
«Мінсіз адам қалпын сақтау өте қиын».
Тәлімгер – Гүлайша, 34 жаста
Қамқорлықтағы бала – Анна, 17 жаста
6 жылдан бері жобада
Гүлайша
«Айша апай, мен бұрын бай адамға тұрмысқа шықсам, жақсы пәтерде тұрсам, ештеңе жасамасам дейтінмін. Бірақ қазір ол ойымнан айныдым. Сіз сияқты жұмыс істеп, ақша тауып, пәтерді өзімнің адал еңбегіммен сатып алуды қалаймын». Дәл осы сәтте мен оған қатты ықпал ететінімді ұқтым.
Жалпы, балалар үйінің балалары – өзгелерден еш өзгешелігі жоқ, сол кәдімгі балалар. Бірақ сіздікінен тамаша қоғамда тәрбиеленген ересек адамды кездестірсеңіз, онда қарым-қатынасты нөлден орнату қажет. Бізге қиын тиді, алайда бұл ортақ тіл табыса алмағандықтан емес, менің жеке өмірім мен жұмысымдағы қатар жүріп жатқан қиындықтардың әсерінен еді. Тепе-теңдікті сақтау және Анямен ресурстағы қарым-қатынасты ұстау өте қиын болды. Менің оған шамам да қалмаған еді. Сондықтан өзімді Аняға тек жақсы қырымнан ғана көрсетуге тырыстым.
Уақыт өте келе кемшіліктен ада мінсіз адам болып қалу қиынға соқты. Кейін мен мұның бәрі жасанды