Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер. Айнур Женисбековна Аймурзина

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина страница 6

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина

Скачать книгу

бәрін айта аламын. Оған айтамын, ол әрқашан тыңдап, кеңес береді. Оған қарап әркім өз болашағын өзі жасайтынын және бәрі өз қолымда екенін түсіндім. Айша апай өмірде барлық нәрсеге өзі қол жеткізген, бұл менің де қолымнан келеді. Ол – мақсатқа ұмтылғыш, ақкөңіл, ақылды, мейірімді жан. Әрі ол – өте жақсы дос, тамаша мұғалім. Мен де сондай болғым келеді.

      Мен оның өмірінде сәби пайда болса екен деймін. Өзі мұны қатты қалайды. Тағы да бақыт, зор денсаулық тілеймін. Оның өмірінде бәрі жақсы болсын!

      Жоба үйлестірушісінің пікірі

      Гүлайша – өте мейірімді әрі рухани тәлімгер. Осы жұпқа қарасаң, олардың бір-біріне өте жақын екені байқалады. Аня үшін Гүлайша енді тәлімгер ғана емес, әпкесі іспетті. Айша Аняға зор мейіріммен қарап, ол үшін алаңдайды. «Ақшасы бар ма, тамақ ішті ме, жоқ па?» деп уайымдап жүреді. Аня болса, кез келген мәселесін Айшаға ашық түрде айта алады және ол туралы әрдайым жақсы пікір білдіреді.

      Әдетте мен осылай ойлаушы ем

       «Қиындықтар – өмірдің қалыпты бөлігі».

      Тәлімгер – Евгений, 28 жаста

      Қамқорлықтағы бала – Роман, 15 жаста

      3 жылдан бері жобада

      Евгений

      Балаға көмектесу – жобаға келгендегі мақсатым болатын. Алайда «Тәлімгерлер мектебінде» біздің шынайы мақсатымыз не екенін сұрады. Бұл сұрақ мені ұзақ уақыт ойландырып жүрді де, жоба барысында әр тәлімгердің расында да жеке өзінің ниеті мен осында келу себебі бар екенін түсіндім. Бұдан кейін менің мақсатым жалпылама түрде болмай, нақтыланды, ол – түрлі күйді бірге кешетін, уайымымызды бөлісетін және бір-бірімізден үйренетін ұзақ та сенімді, достық қарым-қатынас орнату.

      Романмен достығымыздың басталуы қарапайым болды. Меніңше, түгел тәлімгердің кезігетін проблемалары бірдей – танысу және қажасу кезеңінен өту. Ромаға көп нәрсені айту, түсіндіру қажет болды, себебі кейбір жайларды ол маған үйреншікті «әдепкідей» ұға қоймайтын. Бірақ егер ахуалмен күреспей, оны және жаңа ережелерді қабыл алсаңыз, айтарлықтай жеңіл болады. Қазір сол кездер туралы жылы естеліктер қалуда, өйткені қиындық – біздің өміріміздің қалыпты бөлігі.

      Рома екеуіміз әртүрліміз, мұны айта кету керек. Көп нәрседе ұқсамаймыз. Дегенмен мен оны оңай тіл табысатын, сонымен бірге, ол үшін жауапкершілігім бар екенін білетін інім сияқты сезінемін. Рома, Абрам және олардың әпкелері – мен үшін өте маңызды жандар!

      Мен оның жеке басын құрметтеймін әрі қолдаймын. Оның әуестенетін дүниесінің көптігіне шынымен таңғалдым: сурет салу, футбол, би, әрі кез келген істе ол жетістікке жетеді. Дарынды және мақсатшыл жігіт. Мен оған осы қалпынан айнымауын, стереотиптерді қабылдамауын, әрқашан өзінің ішкі ойын тыңдауын және өзіндік талғамын сақтай алуын тілеймін.

      Біз дос болған екі жылда Ромка іштей де, сырттай да өзгерді. Қазір ол шешім қабылдамай тұрып, өзін тыңдайтынына, шынымен не қалайтынын содан кейін ғана айтатынына мен өте қуаныштымын.

Скачать книгу