Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер. Айнур Женисбековна Аймурзина

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина страница 9

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина

Скачать книгу

де сезінуіңіз мүмкін. Мысалы, ұзақ жылғы бойдақтық өмірден кейін жауапкершілігі мол отбасылық өмірге үйренісу оңай болмауы мүмкін.

      Бұл факторлар кез келген ересек адамға кедергі келтіріп, өзін-өзі сезінуін өзгертуі мүмкін. Бұл ретте, ересек адамның жасөспірімге қарағанда маңызды артықшылығы бар: «Мені» қалыптасқан, яғни тұлға. Жеткіншек осы өзгерістер барысында өзі туралы тереңірек біліп, өзін тұлға ретінде танытады. Шын мәнінде, бұл кезеңнің негізгі міндеті – өзін-өзі тану. Бала өзін «іздеп» жүрген шақта ата-аналар, басқа ересек тәрбиешілер не істеулері тиіс? Олардың өзін қалай ұстағаны жөн? Жауабы тым оңай: жасөспірімнің өзіндік «МЕНІН» табу жолында оны қолдау қажет.

      Әр жастың өзіндік ерекшелігі, жетекші қызметі бар. Ол адамның жеке тұлға ретінде дамуына, өмірдің келесі кезеңіне өтуіне көмектеседі. Жасөспірімдерде бұл құрдастармен қарым-қатынас түрінде көрінеді. Бұл кезеңде қоршаған ортамен қарым-қатынас екі осьте құрылады:

      1. Ересектермен қарым-қатынас.

      2. Құрдастармен қарым-қатынас.

      Бірінші жағдайда жасөспірім ересек адамдарға (ата-ана, мұғалім) белсенді еліктей отырып, олардың рөлі мен беделін іске алғысыз ете бастайды. Үлкендердің көзқарасы мен тәжірибесі ескірген, мәні жоқ деп есептейді, олардың өмір сүру салты мен құндылықтарын айыптайды. Жеткіншектің сырт келбеті өзгереді (қыздар боянады, ұлдар спортзалда бұлшықеттерін шынықтырады), темекі шегеді, мінез-құлқы өзгереді және өзінің саяси немесе гендерлік көзқарасын ашық айта бастайды. Бұл – жасөспірім кезеңнің ерекшелігі, одан қатты қорқудың қажеті жоқ. Бұл құбылысты Марк Твен жақсы сипаттаған: «Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оған әрең шыдайтынмын. Ал менің жасым жиырма бірге келгенде, сол қарт әкемнің соңғы жеті жылда ақылы керемет толысқанына қатты таңғалдым».

      Екінші жағдайда құрдастармен қарым-қатынас жасөспірімге өзі сияқтылармен бірге күш жинап, сенімді бола бастайтын, тіл табыса алатын, әлеуметтік нәрселерді түсініп, өзінің маңызына терең бойлай алатын белгілі бір кеңістік береді. Сол себепті жасөспірім кезде достарының болуы маңызды.

      Егер үйіңізде жасөспірім болса, оған мынадай жағдайларды жасауға тырысыныз:

      • Жасөспірімді жеке кеңістікпен қамтамасыз етіңіз. Баланың оңаша қалуына мүмкіндік беретіндей жер керек. Тіпті, сіз бір бөлмеде тұрсаңыз да, оны белгілі бір уақытта ешкім мазаламайтындай өзінің жеке бұрышы болсын.

      • Жасөспірімнің өміріне араласпаңыз. Хат-хабарларын, күнделігін оқудың қажеті жоқ, рұқсатсыз жеке заттарына тиіспеңіз.

      • Жұмыс ауыстыру, қоныс ауыстыру, түрлі отбасылық шаралар сынды маңызды оқиғаларға қатысты жасөспірімнің пікірін сұраңыз.

      • Балаға таңдау құқығын беріңіз. Мысалы, жасөспірім өз бетінше киім сатып алуға немесе спорт секциясын таңдауға құқылы. Жасөспірімнен көмек сұраңыз. Бұл тұрмыстық міндеттерден гөрі әлеуметтік желілерден аккаунт

Скачать книгу