Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер. Айнур Женисбековна Аймурзина

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина страница 7

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина

Скачать книгу

екеуінің де бірдей тілін табуға тырысты. Уақыт өте келе Рома Женяға үйренісіп, кездесулерге Абрамның қатысуы қажет болмай қалды. Қазір жігіттердің бір-біріне деген толық сенімге құрылған достығы өте берік. Тәлімгер қамқорлығындағы баланы айтпай-ақ түсінеді және түрлі жағдайлардың бәрінде оның ойын оқып отырады.

      Жоба үйлестірушілері баланың ересек досы пайда болғалы бері өзгергенін атап айтады: ол мейлінше ашыла түсті, бейтаныс адамдармен оңай байланысқа түсе алады. Мұның бәрі – қиындықтарға қарамастан, Ромамен кездесулерді тұрақты жалғастырған әрі Абраммен де бір мезетте қатар байланыста болып, оған да бейресми тәлімгер болған Женяның еңбегі.

      Шын достықжас талғамайды

       «Оны ойламайтын күнім жоқ».

      Тәлімгер – Елена, 54 жаста

      Қамқорлықтағы бала – Руслан, 16 жаста

      3 жылдан бері жобада

      Елена

      Шынымды айтсам, тағдыр менің жолымды Русланнан ажыратпаса екен деймін. Қазір жасөспірімге айналған бұл бала мен үшін өте қымбат. Өзімнің балам сияқты алаңдаймын, дұғама қосамын. Тіпті, оны ойламайтын күнім жоқ.

      Қазір Руслан жасөспірім жасқа жетті. Осы албырт шақтан аман-есен өтіп, оны кездестірген кезімдегідей елгезек, мейірімді қалпында қалса екен.

      Әрі мүмкіндігінше қалауы не екенін, неге қызығатынын анықтап, сезінсе, түйсінсе екен, себебі оның кім болғысы келетіні, неге талаптанатыны жөнінде әзірге нақты мақсаты жоқ. Қазір оған үлгі-өнеге боларлықтай ер адамның достығы ауадай қажет.

      Русланның бойында нағыз ерге тән сабырлылық, ұстамдылық, әділдік, жауапкершілік, көмектесуге әзірлік сынды қасиеттер бар болғанымен, теріс жолға түсіп кету қаупі де жоғары. Әсіресе, балалар үйімен қоштасқан соң.

      Сол себепті менің басты әрі жалғыз мақсатым – қылмыс жасамауына және ішімдік пен есірткінің арбауына түспеуіне көмектесу.

      Қарым-қатынас барысында біз материалдық әрі қаржылық тұрғыдағы бірсыпыра күрделі мәселені шештік. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінде «менікі» деген түсінік жоқ, оларға бәрі ортақ.

      Олар ақшаның құнын білмейді. Мұны біз бірге реттедік. Шешілмеген мәселелерден қалғаны – қандай да бір нәрсеге ынтаның, ниеттің, қызығушылықтың жоқтығы, сондай-ақ кітаптар.

      Тәрбиеленушілер мүлде кітап оқымайды, оқыса да амалсыз, қиналып оқиды.

      Жұптағы қиын сәттерді баламен бірге, ересектер де сезінеді. Мен үшін қиындық басқа тәлімгерлермен салыстыру еді. Әрине, балалардың ешқайсысы «сенің тәлімгерің жақсы, маған да сондай адам болса ғой» деп айтпады, бірақ араларында өзара бәсекелестік бар.

      Жоба барысында өзімді таныдым, сезімім мен мүмкіндігімді бағамдадым. Әрі маған толық емес және тұрмысы қиын отбасынан шыққан баланы түсіну, оған шамам келгенінше көмек көрсету, оның бәрінен мақұрым қалған шектеулі емес, толыққанды адам екенін көрсету маңызды еді.

      Руслан

      Елена

Скачать книгу