Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Адвокатпен сұхбат - Тайыр Күзекұлы Назханов страница 7
ДАНИЯЛ – Ал, қазылар алқасын шақырудың мақсаты қандай?
ТАЙЫР – Ол бұл істі қарауға негіз бар ма, жоқ па дегенді шешеді? Дәлелдер жеткілікті ме, әлде жетікіліксіз бе? Прокурор оларға іс жүзінде бұл адамның осы қылмысты жасағанын, істі қарауға және оған салық төлеушілердің қаражатын жұмсауға негіз бар екенін дәлелдеуі керек. Барлығы дауыс береді, және олардың шешімдерінің негізінде не процесс басталады, не адам босатылады. Қазылар алқасының шешіміне кем де- генде 12 адам дауыс беруі керек.
ДАНИЯЛ – Иә! Сондықтан да «Үлкен қазылар алқасының» құра- мында 23 адам!
ТАЙЫР – Иә, абсолютті көпшілік болуы керек.
ДАНИЯЛ – Ал, егер процесті бастауға негіз бар деп шешім қабыл- даса, онда күдікті түрмеге жіберіледі ме?
ТАЙЫР – Жоқ, бізде осы күнге дейін бұлтартпау шарасы жиі таңда- лады. Ал, англосаксон елдерінде өте аз пайызы түрмеде қалады. Көбіне олар кепілдікпен босатылады немесе төреші айыпталушыға: «Сыпай- ылық танытып, сот процесіне осындай уақытта келіңіз!» – дейді. Ешқан- дай мәселе туындамайды, әлі қылмысқа кінәлі деп табылмағандықтан қамауға алудың қажеті жоқ. Оны асырауға және қорғауға мемлекет ақ- шасын жұмсаудың, және оны отбасын асырау мүмкіндігінен айырудың да қажеті жоқ.
ДАНИЯЛ – Ал, егер кінәлі болып, сотқа дейін қашып кетсе ше?
ТАЙЫР – Әрине, ондай жағдайлар да болып тұрады. Қашуды сирету немесе оны болдырмау үшін полиция және басқа да қызметтер қолда- нылады. Оның үстіне, кепіл де әдетте қандай да бір кепілдік ретінде қызмет етеді. Ал, егер ол бірден қашып кетеді деген қорқыныш болса, онда, әрине, оларды бостандықтарынан айырады.
ДАНИЯЛ – Ал, одан кейін процес басталады…
ТАЙЫР – Ондағы ең маңыздысы – тартыс. Қорғау тарапы мен айып- тау тарапы әділқазылар алдында бір-бірімен тартысқа түседі.
ДАНИЯЛ – Кінә туралы шешімді сот емес, алқабилер шешеді ме?
ТАЙЫР – Сіз ең маңыздысын түсіндіңіз. Алқабилер бір-бірімен жа- бық есік жағдайында кеңеседі, біздегідей судья ол жаққа кірмейді. Сөй- тіп, олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы шешімді шығарады. Егер олардың үкімі «кінәсіз» болса, онда судья тек тиісті үкімді шығарады.
ДАНИЯЛ – Ал, егер олар сотталушының кінәлі екендігі туралы шешім қабылдаса ше?
ТАЙЫР – Онда, сол кезде судья нақты жазаны тағайындайды. Яғни, қазылар алқасы мен судьяның қызметі әртүрлі. Алқабилер бұл фак- тінің өзі болған-болмағанын талқылап, шешім қабылдайды. Судья заң мәселесін қарастырады, яғни заң бойынша осы факттен не шығатынын анықтайды?
ДАНИЯЛ – Қарапайым тілмен айтқанда, ресми түрде қылмыскер деп танылған адамды қанша жыл немесе қанша айға қамау керектігін бе?
ТАЙЫР – Міндетті түрде қамауға алу емес. Ол басқа жаза тағай- ындай алады – қоғамдық