Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Адвокатпен сұхбат - Тайыр Күзекұлы Назханов страница 8
ДАНИЯЛ – Түсінікті. «Жас баланы» соққыға жығу емес, нағыз тар- тыс басталады.
ТАЙЫР – Қалай болғанда да, бір ғана қақпаны көздейтін ойын емес. Бұл қылмыстық іс жүргізу формасы алдымен Францияда, Германияда дами бастады, кейіннен оны Ресей қабылдады. Ал, Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аталмыш қылмыстық процедураны оның бар- лық кемшіліктерімен қоса алды. Біздің жүйеге қаншалықты сын көзбен қарасақта, өте маңызды сәтті мойындауымыз керек: Қазақстандағы қыл- мыстық процесс біртіндеп аралас типтен тартыс түріне ауысып келеді. Бізде сот бақылауының нысаны кеңейіп келеді, енді ол сотқа дейінгі тергеу барысында да пайда болды. Сотқа қорғаушы ретінде келіп: «Қыл- мыстық істі тергеу әдісі маған ұнамайды, тергеуші менің қорғаушымның құқығын бұзды. Дәлелдерді өз көзқарасымның пайдасына келтіремін. Төрешіден тергеушіге белгілі бір нормативтік процедураларды, тергеу әрекеттерін жүргізуді міндеттеуін сұраймын…» – деп айта аламын.
ДАНИЯЛ – Төреші әрқашан мұнымен келісе ме?
ТАЙЫР – Әрине, жоқ. Алайда, осы принциптің өзі маңызды – мен шешімге қарсы шыға аламын, екіншіден, соттың басталуына дейін төрешінің немесе прокурордың шешімдеріне шағымдана аламын. Бұл, сонымен қатар, оларды өз міндеттеріне мейлінше жауапкершілікпен қа- рауға мәжбүр етеді – ең алдымен менің клиентімнің құқығын құрметте- уге. «Күдікті ретінде қалдыру» деген үкім нысанының бар екені жайлы айтқан болатынмын. Есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтата алатын едім. Тіпті, қылмы- стық іс жүргізу кодексінде «Кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтату» нормасы болған. Яғни, олар ештеңе дәлелдеген жоқ, ешкімді түрмеге отырғызбады, алайда олардың беделіне түскен дақ өмір бойына қалды. Қазір ондай жоқ.
ДАНИЯЛ – Қазір қалай тұжырымдалады?
ТАЙЫР – Қазір, егер дәлел болмаса, қылмыстық іс құрамының бол- мауына байланысты қылмыстық іс жабылады…
ДАНИЯЛ – Сонда, айырмашылығы неде?
ТАЙЫР – «Ұсталмаған ұры емес» – деген мақалды білесіз бе?
ДАНИЯЛ – Әрине.
ТАЙЫР – Сонымен, бұрынғы тұжырымның мағынасы: ұры деп ой- лаймыз, бірақ, өкінішке орай, ұстай алмадық.
ДАНИЯЛ – Ал, қазір: егер ұстай алмаса, онда ұры болып санал- майды ма?
ТАЙЫР – Қазір дәлелдердің жоқтығы қылмыс құрамының болма- уымен пара-пар. Бұл біздің қылмыстық процестің біртіндеп тартыс сипа- тына ауысуының мысалы. Әрине, адам құқықтарын толықтай қорғайтын қылмыстық процесстен әлі де алыспыз.
ДАНИЯЛ – Тезірек болғаны жақсы еді…
ТАЙЫР – Әділеттілік үшін айта кету керек, эволюция тек қылмы- стық іс жүргізу саласында ғана болып жатқан жоқ. Бұл шөл даладағы оқшауланған