Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 13

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

Орынбор өлкесінің орта және шығыс бөлігін қамтыған. Жалпы Орынбор өлкесін мекендеген қазақтардың салт-дәстүрлері ішінара аймақтық ерекшеліктері болғанымен бір-біріне жақын келеді. «Орынбор қазақтары» тақырыбына жазылған зерттеу деректер Сыр қазақтарының аймақтық ерекшеліктерін анықтап, көрші аймақтар қазақтарымен салыстырмалы сараптама жасауға, кей мәселелерді толықтыруға, саралауға негіз болды. Олардың қатарында Рихард Каруцтың «Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке» атты еңбегін [166], Ф.Лазаревскийдің «Московские ведомости» газетінде жарияланған «Свадебные обычай киргизов Оренбургского края» атты мақаласын [363], Ы.Алтынсариннің «Очерки обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомоства» [16], «Очерки обычаев при похоронах и поминках у киргизов Оренбургского ведомства» атты мақалаларын [15], А.Е.Алекторовтың «Основание брака и свадебные обычай у киргизов» атты мақаласын [13], Н.Дж-баев деген автордың «Свадебные обычай киргизов» атты мақаласын [269] атауға болады.

      Сыр бойы қазақтарының наным-сенімі, көне діни ғұрыптары, бақсылық өнердің дамуы, байырғы дәстүрлі білімдер жүйесі, М.Миропиев, П.Комаров сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қамтылған. М.Миропиев 1887 жылы Перовск уезі қазақтарының арасында болып, Сыр қазақтарының мифологиялық күштерге сенгіштігі жөнінде барлығы 27 деменологиялық әңгімелер жинап, нәтижесінде «Демонологические рассказы киргизов собраные и переведенные М.Миропиевым» атты еңбегі жарық көрді. М.Миропиевке дерек бергендердің қатарында Ешмұхамед Букин, Досмұхамед Букин, Ысмайыл Қасымов, Кенжебай Мәтенов, Жүсіп Қасымовтар болған [252]. П.Комаров «Из киргизских поверий» атты топтамаларын «Туркестанские ведомости» газетінде, ал Қазалы қазақтарының арасында болып жазып алған наным-сенімдер жүйесін «Самаркандская газетада» [182] жариялаған.

      Белгілі этнограф Әбубәкір Диваев 1880 жылдардан бастап Сыр бойында бірнеше рет болып, ертегі, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, наным-сенімдерді жинақтап, жазып алып жариялап отырған. Әбубәкір Диваевқа мәлімет берушілер қатарында Қазалы уезінен Қансабай Амандықов, Перовск уезі Кеңтүп болысынан Ақмамбет Тоқпаев, Мүсілім Қарақожаев, Перовск уезінен Жұманазар ақын, Перовск уезі, Қысбөгет болысынан Пірмұхамед Тойтанов, Перовск қазағы Мұхамедәли Шахмұратов, т.б. болды. Ә.Диваевтың 1920 жылғы Сырдария экспедициясы кезінде жинаған материалдары жарияланып үлгірмей, қолжазба күйінде қалған.

      Әбубәкір Диваевтың «Несколько слов о свадебном ритуале киргизов Сырдарьинской области» атты мақаласы Сырдария облысы қазақтарының үйлену рәсіме қатысты сал-дәстүрлерге арналып, араб және орыс тілдерінде басылып шыққан, мақалада қалыңдықтың ұзату тойында айтылатын «ау-жар» мен қалыңдықтың күйеу жігіт ауылына келін болып түскеннен кейін беташарда айтылатын өлең мәтіндері берілген [97]. Осы автордың «Древне-киргизские похоронные обычай» атты еңбегінде егде тарқан адамды, орта жастағы адамды және жас адамды жерлеудегі айырмашылықтары мен жерлеуден кейінгі атқарылатын рәсімдердің

Скачать книгу