Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 14
Н.Н.Балкашинның «Киргиз и вообще о подвластных киргиз мусульманах» [44] атты еңбегінде Сыр өңірінің тарихи-демографиясына да қатысты мәліметтер қозғалады.
М.Тынышпаевтың «Материалы к истории киргиз-казахского народа» [359], «Историческая справка и племенной состав коренного населения Ташкентского уезда (из материалов к национальному размежеванию в Туркестана» [358] атты зерттеулерінің қазақ халқының этникалық тарихына, миграциясына, этнониміне қатысты зерттеулерінің ғылыми қарымдылығы ерекше. М.Тынышпаев телеу, табын, т.б. Кіші жүз руларының Алтай өңірінен Жетісу арқылы қоныс аударғанын ғылыми тұрғыда негіздейді.
И.И.Зарубин жазбаларынан тарихи-демографиялық, саяси-экономикалық мәліметтер алуға болады [137; 138].
Н.Дингельштедттің «Опыт изучения ирригации Туркестанского при Сыр-Дарьинская область» атты еңбегі [107] Сыр өңіріндегі ирригация жүйесін, арық, тоғандардың аттарын қамтыған және жер жырту, жер өңдеу мәселелерінің ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалай атқарылғандығынан толыққанды мәлімет беретін құнды туынды, сондай-ақ автор көшпелілер мен отырықшылардың арасалмағына өзіндік саралау жасаған.
М.В.Лавровтың «Туркестан. География и история края» атты еңбегінде Түркістан өлкесінің тарихы, халқы жер-суы, архитектурасы қамтылған. Әсіресе Қазалы уезінен түсірілген бай қазақ отбасының киіз үйінің ішкі көрінісінің тарихи-этнографиялық маңыздылығы ерекше және аталмыш сурет мазмұны Сыр өңірі қазақтарының материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктерді нақтылауда бағыт беретін фотоқұжат деп санауға болады [208].
Ашмариннің «Кочевые пути, зимовые стойбища и летовки (Историческое описание)» атты мақаласында Ырғыз шектілерімен қатар Сыр бойындағы шектілердің көшу жолдарын қамтыған. Автор ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы көш жолдары мен ХІХ ғасырдағы көш жолдарының қашықтығын салыстыра отырып, көш жолдарының дәстүрлі ырғағының бұзылуының себептерін «отаршылдықпен» байланыстырып, шындықты ашып көрсеткен [37].
М.Д.Спиридоновтың 1922 жылы «Сибирская природа» атты журналға жарияланған «Киргизские пустынные степи» атты еңбегінің Сыр өңірінің тарихи географиясы үшін маңызы жоғары, әрі автор Перовск уезінің шығысында орналасқан қазақтардың жаздық қоныстарын, Ұлытау, Сарыарқа жерлеріне көшу жолдарын қамтыған [336].
М.А.Лялинаның «Путешествие по Туркестану Н.Северцова и А.Федченко» атты еңбегі халықтық білімдер жүйесіне қатысты құнды мәліметтерді қамтиды [215], Янурий Алоизий Маг-Гаханның «Военные действия на Оксусе и падение Хивы» атты еңбегінің «Еділден Сырдарияға дейін», «Қазалы», «Форт Перовск», «Жолда», «Қазақ ақсақалы», «Көне қала» атты бөлімдері байырғы