Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 18

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

этнографические проблемы)» [122] атты еңбектерінде Сыр өңірінің тарихи-этнографиялық мәселелері ішінара қамтылған.

      Б.В. Андриановтың «Карта народов Средней Азии и Казахстана (по данным переписи 1926 г.)» [21], «Древние оросительные системы Приаралья» [20], «Неоседлое население мира» [22] атты еңбектерінде Орта Азия, соның ішінде Арал жағалауындағы отырықшы және көшпелі-малшы қазақтарды зерттей отырып, шаруашылық-мәдени типіндегі өзіндік ерекшеліктерді нақтылады және дәстүрлі шаруашылықтың дамуындағы архайкалық ғұрыптарды көрсеткен.

      «Народы мира. Этнографичечкие очерки» сериясы бойынша жарық көрген «Народы Средней Азии и Казахстана» атты ұжымдық еңбекте Сыр бойы қазақтары ішінара қамтылып, шолу жасалған [273] «Хозяйственне-культурные традиции народов Средней Азии и Казахстана» атты жинаққа енген Б.В.Луниннің «Материалы к историографии истории хозяйства народов Средней Азии и Казахстана» [399], М.В.Сазонованың «Обзор материалов из фондов Центрального Государственного архива УзССР по ирригации и земледелию (к Историко-этнографическому атласу народов Средней Азии и Казахстана, конец ХІХ-начало ХХ в.)» [400] атты еңбектерінде де Сыр өңірінің қазақтары ішінара қамтылған.

      Сыр өңірі тайпаларының кей бөлігінің жаугершілік замандарда бас сауғалап қоныс аударуы, көрші халықтың тайпаларының құрамына кіру тарихы мен олардың өзге елдегі тұрмыс-тіршілігі жайындағы деректер К.Ш.Шаниязов [375], Р.Г.Кузеев [192], Т.А.Жданко [123] еңбектерінен көрініс тапқан.

      П.Г.Галузоның «Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867 – 1914 гг» атты еңбегінде Перовск және Қазалы уездері көшпелілерінің отырықшылыққа өту процесі қамтылған [77].

      С.Е.Толыбековтың «Общественно экономический строй казахов в ХVІІ-ХІХ веках» [355], «Кочевое общество казахов в ХVІІ-ХХ века (политико-экономический анализ)» [354] атты зерттеулерінде Сыр өңіріндегі көшпелі қазақтардың дәстүрлі шаруашылық харекеттері қамтылған.

      К.М.Байпаковтың «Культ барана у сырдарьинских племен» атты мақаласының байырғы және қазіргі Сыр өңірі қазақтарының наным-сенімдеріндегі қой, қошқар культінің тарихи-түп тамырын негіздеуге ғылыми жолсілтеу болды [41], ал осы автордың «Қазақстанның ежелгі қалалары» атты кітабынан Сыр өңіріндегі ежелгі қала-қоныстарға қатысты этноархеологиялық материалдарды пайдаландық [42], С.М.Ахинжанов [36], С.Жолдасбаевтың «Сығанақтың сырын ашалық» атты мақаласы Сыр өңіріндегі байырғы қаңлы, қыпшақтардың қонысын, байырғы отырықшылық өркениетін негіздейді [126]. Археолог ғалымдардың Сыр өңіріндегі байырғы тайпалардың қоныстары мен осы өңірдегі ежелгі мәдениеттің, шаруашылықтардың дамуын археологиялық деректерді жазба деректермен негіздей отырып жүргізген зерттеулері археоэтнографиялық деректердің негізгі ұстанымы болды.

      Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты этнология бөлімі 1955 жылы «Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи-этнографиялық Атласы» атты тақырып бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын

Скачать книгу