Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 21
Сыр өңірі қазақтарының дәстүрлі материалдық мәдениетін жазба деректерді заттай деректермен нақтылауда Қазақстанның музей қорларындағы Қызылорда облысының әр аймағынан жинақталған экспонаттардың атқаратын ролі зор.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі Сыр өңірі қазақтарының мәдениеті, тұрмысы мен шаруашылығы статистар, зерттеушілер мен әскерилер түсірген фотосуреттерінде сақталып, ғылыми деректік фотоқұжаттар қатарын құрап отыр. Олардың қатында В.Оливецкий, А.Л.Кун, А.Фишер, В.Ю.фон-Бранке, С.Неуструев және Сырдария облыстық статистикалық басқармасының статистарын атауға болады.
ҚРМОМ-ның фотоқұжаттар қорында, ҚР Орталық Мемлекеттік фотоқұжаттар және дыбыс мұрағатының қорында Сыр өңірінен ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың 1-жартысында түсірілген Сырдария өзенінен қойларды қайықпен өткізу, суатқа тоқтаған көш, көш аялдамасы және дәстүрлі баспанаға қатысты суреттер де сақталған. Сондай-ақ, Қызылорда болысынан кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында 1920-1928 жылдары түсірілген суреттер музейлік, мұрағаттық фотоқұжаттар қорының бірқатарын құрайды. Тарихи кезеңдерде түсірілген кез келген фотосуреттер сол дәуірдің болмысын дәлме-дәл бере алады және мәңгілікке сақталады. Уақыт керуені алға жылжыған сайын олардың тарихи-мәдени құндылығы арта түспек.
Визуалдық фотоөнердің өзіндік соны ерекшелігі – белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамдардың тұрмысындағы этномәдени сипаттарды нақты, боямасыз түрде, қимыл қозғалыстың, этникалық стереотиптерінің үлгілерін, мінез, әрекет, қозғалыста шынайы таңбалай алуында болып табылады. Түркістан генерал губернаторы Константин Петрович фон Кауфман (1818–1882) тапсырмасымен құрастырылған «Түркістан альбомындағы» фотоқұжаттар – қазіргі кезеңдегі қазақ этнографиясы мен археологиясына деген сұранысты белгілі бір талапта қағаттандыра алатын құндылықтар. Осы тұрғыдан алғанда ХІХ ғасырдағы өлке тарихына қатысты соны зерттеулерде визуалдық фотоқұжаттардың деректік мәлімет ретінде маңызы ерекше құнды. Аталмыш альбомға шығыстанушы Александр Людвигович Кунның (1840–1888 жж.) Сыр өңірінен түсірген фотолары енген. Қазақтардың этномәдени болмысы жөнінде жан-жақты танымдық, ғылыми мәлімет беретін альбомның құндылығы мен маңыздылығы уақыт өткен сайын арта түсуде [357]. «Түркістан альбомы» РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография