Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 15
2. З. Фрейд психоанализіндегі мәдениет.
3. К. Юнгтың мәдениет концепциясы.
4. «Мәдени архетип» дегеніміз не?
5. Неофрейдизмнің негізгі идеялары.
6. Қазіргі батыстық психологиялық антропологияның концептуалды ұстанымдары.
7. «Мәдениеттің таратушы моделінің» мәні.
8. Ресейдегі этнопсихологияның даму ерекшеліктері.
1.3.2. Социологиялық теория. Ойын теориясы
Қазіргі таңдағы көңіл аударуға тұрарлық мәдениет теорияларының бірі – социумда үнемі басым болатын, іріктелген қоғамдық топтардың бар екендігін дәлелдейтін және соны мойындайтын элита теориясына, қоғамдық-философиялық және мәдениеттанулық концепцияларға негізделген социологиялық концепция болып табылады. Аталмыш концепцияның алғашқы теоретигі ретінде идеалды мемлекет идеясымен Платонды атауға болады. Алайда элитарлы концепция көзқарастарының жүйесі ретінде тек 20 ғасырда қалыптасты. Аталмыш концепцияның аса танымал теоретиктері Г. Моске, В. Паретто, Т. Элиот және т.б. болып табылады.
Испандық философ Х. Ортега-и-Гассет өзінің «Бұқара көтерілісі» (Восстание масс) кітабында элитаның философиялық версиясын дамытқан болатын. Ол элитаның тек аристократтарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар арасында да бар екендігін айтады. Элита – бұл сана-сезімінің, ақыл-ойдың, парасаттылықтың жоғарғы деңгейімен сипатталатын жамағат. Ол қозғалыс пен тарихи инициативаға қабілетті, жалпы адамзаттық мақсаттарды жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алады, қоғамдық және таптық ұстанымдарға байланысты емес, шығармашылық күштер мен мүмкіндіктер арқасында қалыптасады. Ойшылдың пікірінше, «рухани аристократтық» қарапайым адамдарға бағытталмаған. Керісінше, адамды қарапайым бұқара халыққа айналдыратын өмірді ашуға талаптанады.
Хосе Ортега-и-Гассет адамзат баласының екі түрін бөліп қарастырған: халық («масса – бұқара») – «тарихи үрдістің әдет-тенген (косная) материясы», ал «элита» – шынайы мәдениетті жаратушы, ерекше дарынды кішігірім топ. Олардың мақсаттарының өзі кішігірім топ болып көпшілікпен күресу11.
Бұқаралық және элитарлы мәдениет оппозициясы мәселесін зерттеу барысында «бұқаралық» мәдениет және «элитарлық» мәдениет (өнер) түсініктерін анықтап алу маңызды.
Элитарлық мәдениет – қоғамдағы жамағаттың субмәдениеті, оған тұйықтық, рухани аристократизм және құндылықтық-мағыналық мазмұн тән. Әдетте, элитарлы мәдениет субъектілері сол мәдениеттің жаратушылары да, адресаттары да болып табы-лады. Аталмыш мәдениет көпшілік немесе бұқаралық мәдениеттің барлық тарихи және типологиялық түрлеріне (фольклорге, ұлттық мәдениетке, ресми мәдениетке және т.б.) қарсы тұрады.
Элитарлы мәдениет бұқаралық мәдениетпен тығыз байланысты, себебі өзі бұқаралық мәдениетте кеңінен таралған құндылықтар мен нормаларды, шаблондар м
11