Мәдени антропология. Әлия Масалимова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 14

Мәдени антропология - Әлия Масалимова

Скачать книгу

қоса есептегенде әрбір қоғамның күрделі құрылымы бар екендігін білдіреді. Мәдениет адам интеллектісінің ерекше құрылымын, оның психологиясын, саналы және бейсаналы элементтерін анықтайды. Мәдениет қоғамдық топтар тұрғысынан түрліше өзгерістерге түседі, сәйкесінше мәдениет әрбір индивидтің психологиясында да ерекше жолмен өзгеріске ұшырайды.

      Адам өзінің әлеуметтену үрдісі барысында мәдени өңделген тәжірибені игеруде кең де жан-жақты мүмкіндіктерге ие, және мәдениеттің өзіндік баламаларын қалыптастырады. Тұлғаның толыққанды қалыптасуы мәдениеттің өзіндік жеке баламасын игеру мен мәдени игерілген жүйелерді қолдану кезінде жүреді.

      Мәдениеттің «таралу» мәселесі – қазіргі таңдағы психологиялық антропологияның маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Алайда психологиялық антропологияның әлі де шешімін қажет ететін сұрақтары бар. Бірінші кезекте бұл үрдіс ретінде қарастырылатын этникалық мәдениеттің тұрақтылығы мен трансформациясын қамтамасыз ететін механизмдерді зерттеу мәселелері. Мәдени дәстүрдің тұрақты қоғамда қызмет етуі оның мәдени мазмұнының сол қоғамда таралу деңгейі мен масштабына; ұрпақтан ұрпаққа берілу барысында мәдениеттің сабақтастығы мен тұтастығын қамтамасыз етуге байланысты.

      Бұл мәселелер түрлі білім салаларына жататын (мәдени және қоғамдық үрдістердің динамикасын зерттейтін мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану) зерттеулер мен концепциялар анализін жүргізуді талап етеді. Екінші жағынан, мәдени жүйелерді зерттейтін психологиялық антропология мен когнитивті ғылымның тоғысуындағы жаңа бағыттардың қалыптасуына үлесін қосады.

      Рессейдегі психологиялық антропологияның дамуына назар аударған жөн. 19 ғасырдың ортасында Ресейде халықты зерттеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Алынған нәтижелердің негізінде Ресей халықтары жөнінде айтарлықтай этнографиялық материалдар жиналды, психологиялық бөлімдері бар баяндамалар жазылды, онда малоростардың, великоростардың және белоростардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктері салыстырылды.

      19 ғасырдың 40-жылдары Ресей географиялық қоғамының этнографиялық бөлімінің мүшелері: В.К. Бэр, Н.Д. Надеждин, К.Д. Кавелин «психологиялық этнографияның принциптерін» қалыптастырды. Кавелин халықтың мінез-құлқын оның жекеленген психологиялық қасиеттерін олардың бір-бірімен байланыста қарастыру арқылы анықтауға болады деп есептейді. Халық – «ол жеке тұлға тәрізді біртұтас органикалық тіршілік иесі. Оның жекеленген тұстарын, салттарын, түсініктерін зерттей бастап, сол жерде тоқтасаңыз ешнәрсе білмейсіз. Олардың бір-бірімен байланысын және тұтас ұлттық ағзаға қатынасын көре біліңіз, сонда бір халықтың екінші халықтан ерекшелігін байқайсыз»9.

      Ресейде алғаш рет этникалық психология мәселелерімен Г.Г. Шпет айналыса бастады. Оның пікірінше, этникалық психология – сипаттамалық ғылым. Бұл сипаттамалық пән қарапайым ұжымдық көңіл-күйлерді (переживания)

Скачать книгу


<p>9</p>

Кавелин К.Д. Собр. соч. в 10 т. – Спб., 1900. Т. 4. С. 42.