Мәдени антропология. Әлия Масалимова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 9

Мәдени антропология - Әлия Масалимова

Скачать книгу

алғышарттар қалыптастырды. Мәселен, салт-дәстүр ретінде өмір сүрген жазылмаған заңдар жүйесінен жазылған заңдарға көшу барысында құқықтық нормалар мазмұнында терең өзгерістер жүріп өтті. Бұл өзгерістер тұрмыстық болмыс пен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың эмперикалық стихиясынан бөлініп шыққан және шет жақтан реттестіруді қажет еткен құқықтық императивтер мазмұнын негіздеу деңгейіне байланысты болды.

      Адамдардың өміріндегі маңызды заттарды маңызды емес заттардан, қажеттіні кездейсоқтан ажырату мүмкіндіктерін реттейтін мемлекет заңдастырған жазылған заңдар, салт-дәстүрлер заңдастырған жазылмаған заңдардан түбегейлі ерекшеленді. Жазылған заң нормаларының осы қасиеттерінің арқасында жеке тұлғаға өз іс-әрекеттерін таңдауда айтарлықтай бостандық беріледі.

      Салт-дәстүрге тән адамның жүріс-тұрысын реттейтін «мән-мағына» және «міндетті» нормативті талаптар тарих барысында салт-дәстүрлерден бөлініп шыққан құқық және мораль жүйелерінде жойылады.

      Жазба негізінде қалыптасқан әдебиетте – діни-мифологиялық, тарихи, философиялық, көркем мазмұндағы текстерде – өткен ұрпақтың моральдік тәжірибесі мен ұлы тұлғалардың эстетикалық ізденістері көрініс тапқан. Жазба негіздеріндегі моральдік тәжірибенің дами түсуі мен жазбаның негізінде ұзақ уақытқа дейін сақтау мүмкіндігіне ие болған және олардың кеңістіктік-уақыттық трансляциясы моральдік міндеттің мазмұны жөнінде түсініктің дамуы мен негізделуіне үлесін қосты.

      Мораль эволюциясы моральдік нормативтердің салт-дәстүрлерден бөлініп шыққан кезден бастап міндетті және мәні бар зат арасындағы қиындықтарды тереңдете түседі. Осындай қиын-дықтардың орын алуы «мағына-мәні» бар нәрсенің маңызды-лығы үшін күреске, яғни қазіргі уақыттағы көзқарастар, тұрмыстық өмір үшін, әдеттегі іс-әрекеттер үшін күресуге алып келеді, сонымен қатар осы «мәні бар» заттың қалыптасқан моральдік идеалға сәйкес өзгеруіне қатаң баға береді. Адамдардың қалай өмір сүретіндігі тек қоршаған ортасының қандай екендігімен анықталмайды, сонымен қатар олардың өздерінің қандай болып келетіндігімен анықталады, ал екеуінің де қалыптасу негізі мәдениет болып табылады.

      Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

      1. Мәдениетті анықтау мақсатында түрлі жолдардың, бағыттардың, мектептердің көп болуының себептері?

      2. «Культура» сөзінің этимологиясы?

      3. А. Кребер және К. Клакхонның мәдениетті анықтаудағы классификациялары.

      4. Мәдениеттің негізгі сипаттарына тоқталып өтіңіз.

      5. Мәдениеттің тіршілік ету түрлеріне сәйкес оның құрамдас бөліктерін атаңыз.

      6. Жазбалары жоқ мәдениеттердегі қоғамның мәдени қорын сақтау жолдары.

      7. Жазылған құқықтың жазылмаған құқықтан айырмашылығы неде?

      8. «Мәдениет» және «өмір сүру образы» түсініктері арасында қандай байланыс бар?

Скачать книгу