Мәдени антропология. Әлия Масалимова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 5

Мәдени антропология - Әлия Масалимова

Скачать книгу

ғ. Чарльз Дарвиннің тірі табиғат эволюциясының сызбасымен «Табиғи іріктелу нәтижесіндегі түрлердің пайда болуы» атты еңбегі шығады. Бұл жүйенің негізінде табиғи таңдау принципі жатыр. 1871 ж. «Адамдардың пайда болуы және жыныстық іріктелу» атты адамдардың жануарлардан шыққаны және оның эволюция жүйесіндегі орнын дәлелдеген кітап жарыққа шығады. Дарвин теориясына сәйкес, адам сыртқы ортаның шарттарына прогрессивті бейімделу нәтижесінде тіршілік үшін күреске қолайлы болып табылатын биологиялық формаларын сақтай отырып, төменгі формалардан пайда болды.

      Адамның мәні жөнінде айта отыра, екі түрлі әдісті атап өтсе болады: философиялық және антропологиялық. Бірінші әдіс шеңберінде адам оның жер бетіндегі даму барысында қарастырылады. Екінші әдіс шеңберінде – адам даму сатысының және табиғи экологиялық ұяшықтарының бірі.

      Сәйкесінше, адам табиғат және мәдениет әлемдеріне жатады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде жануарлар мен өсімдіктермен көптеген ұқсастықтары бар, адамдар қоғамы – бұл жануарлар қауымдастығы, алайда адамзат жүріп өткен эволюцияны тіршілік иелерінің бір де бірі қайталаған жоқ.

      Қазіргі заман ғылымының тұрғысынан, дәлірек айтсақ түраралық кедергі және Homo Sapiens түрінің көптеген ерекшеліктері бойынша адамның жоғарғы приматтардан пайда болғаны жөнінде дарвин теориясын қабылдай алмаймыз, дегенмен де олардың арасында белгілі дәрежеде туыстық жақындық бар екені анық. Осыған байланысты, мәдениет адамды өзге жануарлардан ерекшелейтін маңызды белгілердің бірі болып табылады.

      Антропогенез тұрғысынан мәдениетті сыртқы ортаға бейімделу жолы деп қарастыруға болады. Мәдени антрополог және этнограф түсініктері бойынша мәдениет тек заттар жиынтығы мен еңбек нәтижелері ғана емес, сонымен қатар адамзат іс-әрекеттерінің жолдары.

      Ал енді, адамзат қоғамының қалыптасуының түрлі кезеңдеріндегі «мәдениет» түсінігі ерекшеліктерінің қысқаша мазмұндарына тоқталып өтейік. Антикалық кезеңде мәдениет мағынасы негізінен адамгершілік, жоғарғы идеал түсініктерімен, шығармашылық рухтың байлығы мен бостандығымен, сонымен қатар адам рухын тәрбиелеу және дамытумен байланысты болды. Антикалық полисте азаматтарды тәрбиелеу, ересек адамдарды қалыптастыру үрдісіне гректер «пайдейя» деген түсінік берген (pais – ребенок, дитя).

      Пайдейя – тәрбиелеу, үйрету деген мағыналарды білдірді, кең мағынасында: білім, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген түсініктерді қамтыды. Гректер адамның белгілі құндылықтық бағыттары бар тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндігі бар ерекше білім беру жүйесін қалыптастырды. Антикалық шығар-малардың авторлары адам және қоғам туралы ілімнің теориялық негіздерін жасады.

      Ортағасырлық кезеңде мәдениет түсінігі көп жағдайда «культ» түсінігімен байланысты болды. Мәдениет адамның шығармашылық мүмкіндіктерін құдайға махаббат арқылы ашудың қасиетін білдірді. Яғни, мәдениет адам үшін өз мүмкіндіктерін, анығырақ айтсақ табиғаттан таза болып келетін сананы сеніммен толықтыра отырып дамыту мүмкіндігі болып табылды. Адам өзінің

Скачать книгу