Мәдени антропология. Әлия Масалимова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 6

Мәдени антропология - Әлия Масалимова

Скачать книгу

rel="nofollow" href="#n2" type="note">2. Ой, қоғам және тіл өздерінің біртұтастығында өмірдің адамзаттық формасы болып табылады және адамзаттық мәдениетке сәйкес келеді.

      Неміс ойшылы тіл, ғылым, шаруашылық, өнер, жанұя, мемлекет және дінді мәдениеттің ең маңызды бөліктері ретінде бөліп қарастырып, мәдениетті кең мағынада түсінгенін айта кету қажет. Осы элементтердің өзара байланысы мәдени дамудың негізі болып табылады. Гердер идеялары еуропалық философия мен ғылымға үлкен ықпалын тигізеді, сонымен қатар оның мәдениет тарихының философиясы мәдениетті ерекше пән ретінде және философиялық өзіндік сананың ерекше мәселесі ретінде бөліп қарастыруда маңызды қадам болды.

      Еңбек-құрал концепциясының өкілдері тұрғысынан қоғамдық және мәдени жүйенің генезисі адамзаттық еңбектің қалыптасуымен тікелей байланысты, еңбек адамның өмірлік іс-әрекеттерін қоғамдық іс-әрекеттерге айналдырады. Адам мәдениет жаратушысы, (Homo faber), мәдениет ангенті, қоғамдық адам болып табылады. Аталмыш концепция шеңберінде мәдениет генезисі ашылады және концепцияға сәйкес адам жануарлар әлемінен шығады. Ф. Энгельстің адамның пайда болуы жөнінде теориясы оның «Табиғат диалектикасы» деп аталатын жұмысының бір тарауы болып табылатын «Маймылдың адамға айналуындағы еңбектің ролі» атты мақаласында баяндалады.

      «Адамды еңбек жаратты» деген классикалық формула осы танымал марксизм теоретигіне жатады. Еңбек – бұл тас, сүйек және ағаштан құрал жасаудан басталған мақсатты іс-әрекет. Еңбек нәтижесінде сана пайда болады. Адамдардың бірлескен еңбектерінің барысында олардың бір-бірімен араласу, сөйлесу қажеттігі туындап, тіл пайда болады. Еңбек және тіл сияқты факторлардың нәтижелері орасан зор болды, себебі тек маймыл ғана адамға айналып қоймайды, сонымен қатар адамның іс-әрекеті жалпы культурогенездің қалыптасуына себеп болады.

      Бір сөзбен айтқанда, Энгельстің пікірінше мәдениет адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас үрдісі болып табылады. Адам табиғат берген форманы тек өзгертіп қана қоймай, ол саналы түрде өзінің іс-әрекеттерінің мазмұны мен жолдарын анықтайтын мақсат қояды. Біз еңбек құралдарының адам өмірінде ерекше роль атқарғанын мойындаймыз, алайда олар маймылдың адамға айналу құпияларын, сана кереметін, қоғамдық өмірдің қалыптасу құпияларын түсіндіріп бере алмайды. Тірі материяның дамуынан туындайтын теория бұл тұста өзінің әлсіздігін дәлелдейді.

      Антропогенез құпиясын ашуға, қазіргі заман мәдениетінің түсініктері бойынша мәдениеттің пайда болуын түсінуге мүмкіндік беретін концепциялардың бірі символикалық теория болып табылады. Символикалық теорияны негіздеуде оның өзіндік ерекшеліктері мен әдіснамалық жолдарын анықтау маңызды; яғни, символдардың мәдениеттің қалыптасу барысындағы рольдері; мәдениет символдығы. Бұл дегеніміз, ақпараттарды өңдеу, жүйелеу және ақпарат емес дүниені ақпаратқа айналдыру үрдісі ретінде мәдениетті белгілер және мағыналар жүйесі ретінде қарастыру және

Скачать книгу