Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 13

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      451 жылы Рейннен өткен ғұн әскерлері Римге аттанады. Оған қарсы Рим әскерін бұрын ғұн тәрбиесінде болған, ғұндарды жақсы білетін, Аттиланың қасында жүрген әскербасы Аэций бастаған вестготтар, аландар, алемандар, бургундтар, франктердің біріккен қолы шықты. 451 жылы маусымда екі жақтың әскері Труа қаласының маңындағы Каталаун даласында кездесіп, бұрын болмаған, қиян-кескі соғыс болды. Екі жақтан да көп шығын болды, шайқас барысында екі жақ бір-біріне беріспеді. Римдіктер арасында өзара алауыздық басталды. Каталаун даласындағы шайқас бұрын-соңды болмаған ерекше шайқас болды, шайқастың маңыздылығы туралы қазақстандық ғұн тарихын зерттеушілер төмендегідей жазады: «Каталаун даласындағы шайқас Канны (б.э.д. 216) мен Ватерлоо (1815) шайқастарымен бірге Еуропа тарихындағы атақты шайқастар қатарына жатады». Каталаун даласындағы болған ұрысқа баға берген кезде батыстың бірқатар жаңа және қазіргі заман тарихшылары мәліметтерді ерте орта ғасырлық хронистерден ала отырып, оны сыни електен өткізбей пайдаланғаны белгілі. Батыс тарихнамасының ғұндар тарихын бағалаудағы дәстүрі көбінесе орыс, кеңес тарихнамасында , соның ішінде, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тарихнамаға да ықпал етті. Қазіргі кезде ғұндардың Каталаун даласындағы ұрысына, жалпы ғұндар тарихына объективті көзқараспен қарап, шынайы баға беру кезеңі туды.

      VІ ғасырдағы гот тарихшысы Иорданның пайымдауынша, Аттиланың әскері жарты миллион адамнан тұрды. Галлияға аттанар алдындағы ғұндар әскерінің саны жарты миллион болды (cuius exercitus quingentorum milium esse numero ferebatur), деп жазады гот авторы. Қазіргі зерттеулердің нәтижесіне орай, ғұндардың әскерінің саны ең көп дегенде 100 мыңнан 120 мың адамға дейін, ал оның қарсыластарының күші де шамамен осынша болғанын нақты айтуға болады. Аттиланың жағында үлкенді-кішілі 25 тайпа болды. Оның әрқайсысы өз қатарынан 10 мыңға дейін әскер немесе түмен шығара алатын еді. Соғыс жағдайында атты әскердің 1/3-і әдетте өз туған жерін қорғау үшін (тыл) қалдырылатын. Аттила жорыққа ең көп дегенде (25 х 6,600 салт атты) 165 мың жауынгер жинауы мүмкін еді. Бұған қоса әскердің алдыңғы (авангард) және кейінгі (арьергард) бөлімдері одақтас рулар мен тайпалардан тұрады.

      Осы шайқаста Аттила маневр жасауды жөн көрді. Аттила әскерімен Тюрингия арқылы Паннонияға қайтып келді. Жылнамашы Проспер Тиро жазғандай, бұл шайқаста екі жақтың ешқайсысы да жеңіске жеткен жоқ. Христиан хронистері (Гидаций, Марцеллин Комит, Кассиодор, Иордан) Каталаун даласында Рим империясы және оның одақтастары басымдылыққа ие болды деген пікірді айтады. Христиан авторларының Рим империясын осылай көрсеткісі келгендігі көп жағдайда діни және еуроцентристік көзқарасқа байланысты. Ғұндардың күш-қуаты 451 жылы «халықтар шайқасынан» кейін сарқылып қалған жоқ. Бұл оқиғадан бір жыл өткеннен соң Аттила енді Рим империясының дәл жүрегі болып табылатын Италияға жорық жасады. Бұл ғұндардың екінші еуропалық соғысына алып келді (алғашқысы – Каталаун шайқасы). Ғұндар Аквилея, Конкордия, Альтин, Патавий (қазіргі

Скачать книгу