Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 15

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

генезисінің негізгі мазмұны болғандықтан, маркалық ұйымды бірте-бірте ығыстырып шығарды деп есептеді. Германистік бағыт ұстанған Инама-Штернег пен Лампрехт вотчинаның пайда болуы мен таралуын түсіндіріп берді. Вотчиналық теория вотчина иелері мен шаруалар арасындағы қарым-қатынас таптық күреспен емес, экономикалық мүдделердің ортақтығымен сипатталады деген пікірді ұстанды.

      ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Еуропа медиевистикасында классикалық вотчиналық теориясы кең өріс алды. Лампрехт, Инама Штернегтің ізін қуушылар – К. Бюхер (Германия), Н.Д. Фюстель де Куланж, Э. Глассон, А.Сэ (Франция), Т. Роджерс, У. Кеннингель, Ф. Сибом (Англия), М.М. Ковалевский, П.Г. Виноградов, Н.И. Кареев (Ресей). Олар натуралды шаруашылық үстемдік еткен замандағы помещиктік жер иелеріне тәуелді шаруалардың барщиналық еңбегіне негізделген ірі вотчина феодалдық құрылыстың негізін құрайды деп есептеді. Классикалық вотчина теориясының өкілдері феодализмді тек саяси-заңдық тұрғыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да сипаттады. Вассалдық-лендік жүйені анықтады, вотчиналық немесе сеньориалдық (Англияда манориялдық) құрылыс және шаруалар мен сеньорлардың арасындағы қарым-қатынастарды және натуралды шаруашылықты олар соңғы экономикалық жағдайда қарастыра отырып, оны феодализм шеңберінен шығарып тастады.

      М.М. Ковалевский, П.Г. Виноградов феодализмнің сипаттамасына әлеуметтік-экономикалық белгілерді қосты, бірақ бұл құрылысты бірдей факторлардың жиынтығы ретінде түсіндірді. Классикалық вотчиналық теорияны ұстанушылар феодализмнің генезисін меншіктік қатынастармен қоғамдық әлеуметтік құрылыс емес, натуралды шаруашылық жағдайындағы елдердің әскери күш арқылы мемлекет басындағы билікке біреудің келуі қажет болды деп санайды.

      ХІХ-ХХ ғасырлар басында медиевистикада сыншыл бағыт пайда болды. Бұл бағыт Маурердің марка теориясын, вотчиналық теорияны қайта қарауды талап етті. Сыншыл ағымның өкілдері феодализмді тек саяси тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Олардың пікірінше, орта ғасырларда саяси билік корольдің немесе вотчина иелерінің қолдарында болғанына қарамастан, бүкіл қоғамның мүддесіне қызмет етті және вотчина иелерінің шаруаларды бағындыру құралы болған жоқ дегенге сайды. Сынау ағымының Англиядағы өкілі Ф.В. Мэтланд манориалдық және қауымдық теорияларды ревизиялады. Ол феодализмнің экономикалық мәнін мойындамай, оны феодалдық құқық жүйесіне жатқызды.

      Белгиялық тарихшы Анри Пиренн феодализм генезисі туралы жаңа теория ұсынды. Натуралды шаруашылық үстемдік еткен кездегі феодализм туралы позитивтік көзқарасты және тауар-ақша қатынасын тірек етті. А. Пиренн феодализм генезисін тек сыртқы факторлармен, араб жаулап алушылығымен, халықаралық сауданың құлдырауымен байланыстырды. Көптеген халықтар феодализмге ішкі даму жолы арқылы келді деген қорытынды жасауға да болады. Қазіргі кезде тарихнамада талас тудырып отырған келесі мәселе – континуитет және дисконтинуитет, яғни эволюциялық немесе секіріс арқылы даму.

      Сонымен,

Скачать книгу