Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 11
§ 4. Ұлы Қоныс аудару дәуіріндегі ғұндар
Жазба және археологиялық деректер бойынша түркі тайпасы ғұндар Еуропаға Орталық Азиядан келген. Батыстағы ғұн тарихы зерттелмеген мәселелер қатарына жатты. Еуропадағы бұл тайпа бірлестігінің тарихы кеңес дәуірінде қарастырылмаған тақырыптардың бірі болды. Қазіргі таңда ғылымның дамуына байланысты түркі әлемінің тарихы жазба деректердің және басқа да пәнаралық салалардың негізінде зерттеліп жатыр.
Біздің заманымыздың 48 жылы ғұндар солтүстік және оңтүстік болып, екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Біздің заманымыздың ІІ ғасырының бірінші жартысында ғұн тайпаларының миграциясы әуелі Шығыс Жетісуға, кейін Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды. Солтүстік батыстағы ғұн мемлекеті біздің заманымыздың ІV ғасырында әйгілі болып, Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. ІV ғасырдың ортасында ғұндар Еділ мен Дон аумағына енді. Азов аймағы және Солтүстік Кавказдағы аландарды, Боспор патшалығын жаулап алып, ғұндар Доннан өтіп, Оңтүстік Шығыс Еуропадағы остгот патшасы Эрманарихтың көп тайпалы державасын 375 жылы жеңіліске ұшыратты.
ІV ғасырдың 70-жылдары ғұндар Солтүстік Қара теңіз өңірінде пайда бола бастады. Олар алғаш рет Азов теңізі өңірін мекендеген аландарды бағындырды. Одан әрі ғұндар екі бағытта жылжыды. Біріншісі, мұзды жолмен Перекоп және Тамань түбегі арқылы Боспор патшалығына беттеді. Мың жыл өмір сүрген Боспор патшалығы жойылды. Екіншісі, батыс және солтүстік-батыстағы сармат, алан, гот тайпаларына бет түзеді. Сонымен, батыс ғұндарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлер бағынды. 375 жыл халықтардың Ұлы қоныс аударуына соқтырған бастама болды. Қазіргі таңда қазақстандық жалпы тарих ғылымында бұл оқиғаларды