Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 7

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

мазмұнын еске түсіріңіз.

      2-тарау

      ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ (ІV-ХІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ)

      АНТИКАДАН ОРТА ҒАСЫРЛАРҒА ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЕУРОПА (ІV ғасырдың аяғы-ХІ ғасырдың ортасы)

      § 1. Рим империясындағы дағдарыс

      Біздің заманымыздың ІІ ғасырының аяғына қарай Рим қоғамында дағдарыс басталды. Рим қоғамының барлық салаларын қамтыған құлиеленушілік қатынастардың дағдарысқа ұшырауы, әсіресе империяның батыс провинцияларында ерекше байқалды. Құлиеленушіліктің құлдырау деңгейі провинцияларда бірдей болған жоқ. Құлиеленушілік қатынастар неғұрлым дамыған жерлерде дағдарыс жоғарғы шегіне жетіп отырды. Құл иеленушіліктің дағдарысы ұзақ уақытқа созылды. Дағдарыс салдарынан Италиямен оның провинциялары арасындағы қайшылық шиеленісе берді. Магнаттардың басқаруымен кейінгі антикалық колонаттар құрылып, құлдықпен басым түрде айналысты. Көптеген қалалар тоқырай бастады. Қолөнер мен сауда біртіндеп құлдырады. Мемлекеттің қаржы жағдайы қатерлі кезеңді басынан өткеріп жатты. Асыл металды теңгелер азайып, баға көтеріліп, алым-салық жинау күшейді. Экономикалық жағдайдың нашарлауы, ең алдымен, қарапайым адамдарға ауыр соқты. Мемлекеттік билік өзінің тұрақтылығын жоғалтты. ІІІ ғасырда мемлекет варварлардың шабуылынан көптеген жерлерінен айырылды. Варварлардың шапқыншылығынан Рим мемлекеті жоғарғы Германияның құнарлы далалары және Дакия сияқты бай провинцияларын біржола жоғалтты. Рим империясының дағдарысты тоқтатуға, уақытша болса да ушыққан әлеуметтік және саяси қатынастарды тұрақтандыруға шамасы жетпеді. ІІІ ғасырда сенаторлық аристократия барлық қолбасшылық қызметтерден қуылып, провинциялардағы атты әскерлер құрамы өзгертілді. Рим сенаты жоспар құру және оны шешу өкілділігінен тықсырылып, тек «тақ кеңесінде» қаулы шығара алатын болды. Мұндай саяси өзгерістер, әсіресе Диоклетиан (284-305) және Константин (306-337) билігі кезінде болды. Доминант немесе Кейінгі Рим империясы пайда болып (284-476) өмір сүрді. Император тағы үшін күрес және үміткерлер арасындағы азаматтық соғыстар, варварлардың дүркін-дүркін шабуылы елді экономикалық тығырыққа тіреп, империяның дағдарысын күшейтті. ІІІ ғасырда империяның экономикалық құлдырауы және саяси тұрақсыздық адамдардың психологиясына әсер етті. Тақ тұрақсыз болды, 50 жылда 22 монарх ауысып үлгерді. Енді Рим бұрынғы қуатынан айырылып, күйреуге жетті. Провинциялар орталыққа бағынуды қойды, оларға бірыңғай заң күші жүрмеді. Әйгілі «Рим еркіндігі» заңдастырылды. Осылардың барлығы қоғамның психологиясы мен рухани өміріне әсерін тигізді. Адамдар енді құтқарушы Рим құдайларына сенбейтін болды. Олар жаңа дін – иудейден шыққан христиандыққа бет бұра бастады.

      ІІІ ғасырдың аяғында тереңдеген дағдарысты болдырмау үшін уақытша нәтижесін берген реформаторлық қайта құру шаралары қолға алынды. Арендаға жер берудің жаңа түрлері пайда болды. Эмфитевис – өз үлесіндегі жерлерде кең құқықтар арқылы жерді аз ғана төлемге жалға берді. Келесі ұсақ жалға беру – прекарий, яғни

Скачать книгу