Практикалық археология. Ғани Омаров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 12

Автор:
Жанр:
Серия:
Издательство:
Практикалық археология - Ғани Омаров

Скачать книгу

түсіне және құрылымына негізделе айқындалған жоғарғы және төменгі беттерінен бірдей заттардың кездесетіндігін байқау қиын емес. Осылайша кескіннен статистикалық зерттеу тәсілі арқылы нақтылы ашылған мәдени кезең белгілерін тауып, концентрацияның негізгі шекарасын анықтау қажет.

      3.2. Нысанның әлеуметтік-топографиялық байланысы

      Стратиграфиялық мәліметтерді археологиялық материалдармен сәйкестендіру, деректерден басқа құрылыс аумағы бар ежелгі орындарды зерттеуге мүмкіндік береді. Мұнымен қатар, қазба барысында айқындалған конструкцияның сан алуан түрі (қорғаныс, дәстүрлі, қоғамдық құрылыстар, елді мекеннің жалпы жобасы мен құрылыс элементтері) оның барлық кезектелген заттай материалдарын байланыстыратын мәлімет болып табылады. Сондықтан археолог объектіде қазба немесе археологиялық сараптама жүргізу барысында ең алдымен, кез келген сақталып қалған құрылыс элементтеріне көңіл бөлуі тиіс. Әрбір фундамент немесе оның ізі, әрбір бұрыштағы бөрене немесе ағаш қалдығы қалмауы тиіс. Егер осы елді мекеннің аумағында анықталған бірдей қабаттағы элементтер, басқа өзіндік, бірқатар нақтылы бәлшекпен байланысқан, белгілі жағдайға фрагментарлық күшке ие бағытталған анықтама бере алмаса, онда олар дәлелдемелік материалдар маңызына ие болады.

      Ежелгі орындардың даму сатысын байқау үшін, оның хронологиялық кезектелуін анықтау қажет. Ал осы процестің ішкі динамикасын табу үшін типологиялық зерттеудің түрлерін қолдану қажет. Археологияда қолданылатын арнайы әдістердің көмегімен елді мекендегі халықтың дәстүрлі, тұрмыстық, тұрғын үй құрылысын меңгеру деңгейі мен ерекшелігін зерттеуге болады. Объектінің заттары мен құрылысындағы даму өзгерістерін айқындау оның белгілі хронологиялық кезеңдегі функциональдық қызметін қалыптастыруға ықпал етеді.

      Археолог далалық жұмыстар тәртібіне байланысты зерттеу процесі нәтижесінде табылған барлық заттарды тіркеуі тиіс. Осындай жағдайда тіркеудің көптеген түрі қолданылады (фототіркеу, далалық жоспар мен қазба нәтижелерін сызбаға түсіру, траншеяны, жекеленген құрылысты сызу, әрбір деңгейде табылған заттарды нивелирлеу және планиграфия). Дегенмен бұл процесс субъективті, өйткені археологтың далалық жұмыстарға деген жекелей дайындығының сапасын және де сараптамалық ойлану қабілеттілігін көрсетеді. Археолог кезеңделген мәліметтер жинағын, хронологиялық және конструктивті жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар құрылыс түрлерін ала отырып уақыт пен кеңістік жағдайындағы даму бейнесін құрастыруға ат салысады. Егер уақыттық диапозон мөлшері көлемді болса, онда қазбаның немесе траншеяның кеңістігі шектелген болады. Сондықтан, археолог осындай кедергіге жолықпау немесе керісінше жағдайға қалмау үшін алысқа баратын болжамдар жасауы, қазбаны бастар алдында қаланың ауданының қандай бөлігін, ескерткіштін қандай түрін зерттейтінін анықтап алуы керек. Ол үшін белгіленген аймақтың және оған көрші орналасқан

Скачать книгу