Практикалық археология. Ғани Омаров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 7

Автор:
Жанр:
Серия:
Издательство:
Практикалық археология - Ғани Омаров

Скачать книгу

кезінде мәдениет бөлімі арнайы маман археологпен аумақтағы территорияларды зерттеу үшін келісімге отырады. Археологтың міндетіне қазба жұмыстарын жүргізу, мәліметтерді өңдеу және ғылыми мәлімдеме беру жатады. Коллекция қосылған мәлімдеме мұражайға келіп түседі.

      Жобалы реставрациялық ұйымдар өз штатында археолог болмаған жағдайда келісім бойынша реставрация объектісіне арнайы мамандарды қабылдайды. Археолог дайындаған мәлімдемелер, жобалы реставрациялық құжатқа кіреді және «Ашық қорғауға» байланысты жобалар мәлімдемесін археолог арнайы археологиялық зерттеу мекемелеріне береді.

      Археологиялық зерттеулердің келісімшартында дайындалған жер мен арнайы орындағы құрылыс жұмыстары жайлы ақпарат болады. Осындай ақпараттар негізінен облыс, аудан, қаланың бас архитектурасында болады.

      Арнайы территорияда істейтін археологтың билік органдарымен, архитектура басшылығымен, жобалық ұйымдармен қатынасы болу керек. Соңғы кездері жеке кішігірім тапсырыстар орындаушы фирмалар көбейіп кетті. Тапсырыс берушінің заттарын үнемдеу үшін олар құрылыс және реставрациялық жұмыс кезінде оларды қоспай, археологиялық ескерткіштерді қорғау заңдылығын қарастырмайды, сонымен қатар мұндай фирмалар архитектуралық обьектілерге оң көзбен қарамайтын кез де болады. Соған қарамастан олар реставрация жұмысымен айналысады. Тағы бір қиындық бар. Көбінесе жобалық ұйымдар бұл жобаны өмірге әкелуде археологиялық ескерткішке зиян келтіретінін біле бермейді. Мәдени қабаттағы қарапайым жобалық жұмыстар саябақ территориясын тұрақтандыру, жүргінші жолды ауыстыру, жарықтандыру, субұрқақтарды құру, демалыс орындықтарын, баспалдақ орнату жұмыстарын қажет етеді. Бұл жұмыстарды атқару кезінде жер қатпарларын қазу, ескі ағаштарды үскіріктеу, су құбыры жүйесінде орларды қазу шаралары да өткізіледі. Нәтижесінде қаланың мәдени бөлігіне жататын бұл территориялардың жай-күйі бұзылады. Мәдени қабат бұзылып, араласып ауысады, кейін жоба құрушылар мен құрылысшыларды 0,5-1метр тереңдіктегі мәдени қабатты қазудың өзі ғылыми негізін құртатынына сендіру қиын болады. Сол себепті тек қабаттың сақталуына азғана зиянын тигізетін жұмысты жасау керек.

      Екінші тапсырыс берушіге, жобалаушыға, құрылысшыларға ыңғайсыз болатын жұмыс газ және су құбырын қайта қазу болып табылады. Су каналдарын, газ құбырларын жөндеу мен қосымша аумақтар қосу, траншеялар қазу археологиялық бақылауды қажет ететінін су және газ шаруашылығы мамандарына түсіндіру қиын. Олар бұған дейін де бұл жерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алдыға тартып келісімшарт жасаудан қашқақтайды. Мұндай жұмыстарға тез бітіп кетуін көздеп келісім жасауға жергілікті билік орындары да тосқауыл қоюға барынша тырысады. Әрине, қалада интенсивті шаруашылық-коммуналдық жұмыстарын жүргізу қажет. Алайда үнемі жүргізілетін жер жұмыстары зерттеушіге жаңа мәдени қабаттардың ашылуы, ғылыми ақпараттардың қордаланына мүмкіндік береді. Сондықтан да археолог мұндай мәселеде ұстаған бағытынан танбай, бірбеттілік көрсетіп, келісімшарт жасау арқылы

Скачать книгу