Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 6
Ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету әртүрлі арнайы ісшаралар өткізу жайымен түсіндіріледі. Сол арқылы ескерткіштің жай күйі, олардың бұзылуына әсер ететін жағдайлар анықталады. Бұл жұмыс құрылыс орны мен ғылыми өңдеу орнының бірігіп істеген жұмысы болып табылады.
Құрылыс және археологиялық ескерткіштерді сақтау, ісшараларды жүргізуді бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің еншісінде.
Археологиялық ескерткіштерді қорғау іс-шарасының біріккен мәселелері төмендегі тұрғыда негізделеді:
• сақталуы құрылыс жұмысы кезіне немесе арнайы жағдайларға байланысты бүлінетін барлық археологиялық ескерткіштерді анықтау және тексеру;
• құрылыс және оның жағдайлары нәтижесінде болған шығынның мөлшерін анықтау;
• анықталған археологиялық ескерткіштерді сақтау, олардың техникалық маңыздылығын анықтау, экономикалық мақсатын, тағайындайтын тәсілдерін таңдау;
• археологиялық ескерткіштерді сақтау, жұмысының бағасы мен көлемінің жұмысын анықтау;
• археологиялық ескерткіштерді сақтау іс-шараларының нақты уақытын анықтау;
• археологиялық ескерткіштерді сақтау жұмысымен айналысатын арнайы мамандандырылған ұйымды анықтау.
Кейін бұлардың бәрі тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы және маманданған археологиялық ұйымның арасында келісіледі, жобаға қосылады.
Лицензия. Археологиялық зерттеу келісімі. Қазақстан Республикасындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмысын ғылыми реставрациялық ұйымдар, мұражай мен мемлекеттік мекемелер, яғни қазба жұмыстарын жүргізу құқығына ие «Лицензиясы» бар арнайы археолог мамандар жүргізеді.
«Лицензияда» қызмет, жұмыс орны, аты жөні, тұрғын орнының аты, зерттеу орнының аты, жұмыс түрі көрсетіледі. «Лицензияға» тапсырыс берген ұйым, археологиялық зерттеудің сапасына жауапты болады және орындаушының мәлімдемесін тапсырады. Егерде бұл ереже сақталмаса, немесе қойылған талаптар орындалмаса, бұл ұйымды «Лицензияны» алу құқығынан айырады.
«Лицензияны» алған ұйымның археологиялық зерттеуді жасау жұмысы бұл құжатты көрсеткен соң ғана жүргізіледі. Сонымен қатар жер және құрылыс жұмыстарын жүргізбестен бұрын тапсырыс беруші рұқсат алуы қажет. Ол үшін тапсырыс берушіге Археология институты мен тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауды ұйымдастыру ұйымымен келісім орнатудан басқа, мыналар болу керек: