Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 8
Барлық осы құжаттар негізінде археологиялық іздестірузерттеу бағдарламасы құрылады. Іздестіру мақсатында, құрамы, көлемі, әдісі, технологиясы және жұмыстың дұрыс орындалуы, есептік материалдардың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету, сонымен бірге, жұмыстың тиімді құрылуына қойылған уақытта іздеудің бітуін қадағалау. Аталған бағдарлама тапсырыс берушімен техникалық құжатқа сәйкес келуімен келісіледі, есептік материалдарды ұсыну уақыты да анықталады.
Техникалы-экономикалы саты негіздеуі – жобалау кезеңінің біріншісі болып табылады (жобалау алдындағы саты). Бұл сатыда болашақ құрылыстың ең ықтимал жалпы түрі, оның міндеттері мен тәсілдерінің жүзеге асуы анықталады, сонымен қатар, бір немесе екі сатыға арналған жобалау-сметасының құжаттауының орындалу ережесі орнатылады. Археологтың техникалы-экономикалы сатысындағы міндеттері мынадай:
– территорияның жалпы перспективалылығы мен зерттелу дәрежесін анықтау;
– Жобалаудың міндеттерін келесі сатылардың әр қайсысына бөліп анықтау.
– Келесі археологиялық жұмыстардың сметалы құндылығын анықтау (күзету шаралары).
Жобалы жұмыстардың қорытынды мәліметтеу (сводную) сметасын қосу үшін, алынған нәтижелер негізінде археологиялық жобалы-сметалы құжаттауы жасалады. Оның кеңінен ұсынылған түрі:
– алдыдағы жұмыстың құқықтық негіздемесі;
– аймаққа жалпы археологиялық көзқарас, зерттелу деңгейі, жаңа ескерткіштердің табылу перспективасы;
– алдыдағы археологиялық зерттеу негіздемесін құрылыс объектісінің жалпы кезеңі жобалануындағы міндеттер мен бағдарламаларға сәйкес дайындау қажет;
– күзету жұмыстарының сметасы.
Объектінің жобалау-сметалы құжаттауына археологияның қосылуы техникалы-экономикалы сатысында нәтижелі болып табылады. Мұнда объектіні жоспарлы түрде және егжей-тегжейлі зерттелуіне кепілдік береді, сонымен бірге, іздеп-зерттеу және өңдеу жұмыстары кезінде түскен құралдарды толығымен түсуімен ерекшеленеді.
Бір сатылы жобалауда құрылыстың жобалы-сметасына барлық қажетті құжаттар 1-1,5 жыл ішінде дайындалады. Осы уақыт ішінде археологтар жергілікті жерге толық барлау жұмысын жүргізіп, (шурф) кесік жүргізеді, архивтік деректерді талдаудан өткізіп және картографиялық материалдар жинайды. Жұмыс жобасының археологиялық бөлімі былай баяндалған: археологиялық ескерткіштердің орналасуын көрсеткен объектінің жалпы схемасы; табылған ескерткіштер тізімі және қорғау бойынша шаралардың қажеттілерінің негіздемесі; әр ескерткіштегі жұмыстың бағасының (қүныньщ) есептелуі. Жұмыс жоспары құрамындағы графикалық